Алуан түрлі түсі бар, сырты қатты,
Адамзат жеуге құмар, өзі тәтті.
Тоқсан күнде толықсып, күні бітіп,
Есепсіз ақты-қара бала тапты.
Қауын, қарбыз
Көктемде –
Түрлі-түске малынған,
Қыста –
Ақ жамылғы жамылған.Дала
Теңіз дерсің,
Толқып жатқан,
Ару дерсің,
Сырға таққан.Егінді алқап
Жасыл желекті,
Жүзін жел өпті.
Көктемнің құшағына құлап
Тұрады қуанғаннан жылап.Қайың
Сыздардай сымбатты
Көңіліңді бұрады.
Күнмен тілдесіп
Ән салып тұрады.Қарағай
Бір кезде қыз, келіншек болған мырза,
Өзінің көркемдігіне болып ырза.
Біраздан соң түрін көрсең,
Қалады бөлек-бөлек болып сайда.Өсімдіктің өсуі мен қурауы
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
эльдана
тары туралы жұмбақ бар ма
Айман
Жұмбақ бөлімі деген жерден - Егіс пен өсімдіктер өлкесі немесе Ас, тағам, азық-түліктерден қарап көр.