Үлкендігі алмадай,
Сырты жанған қызыл от,
Ішін жарып қарасаң-
Майда, майда қызыл шоқ.Анар
Көктемде –
Түрлі-түске малынған,
Қыста –
Ақ жамылғы жамылған.Дала
Теңіз дерсің,
Толқып жатқан,
Ару дерсің,
Сырға таққан.Егінді алқап
Жасыл желекті,
Жүзін жел өпті.
Көктемнің құшағына құлап
Тұрады қуанғаннан жылап.Қайың
Сыздардай сымбатты
Көңіліңді бұрады.
Күнмен тілдесіп
Ән салып тұрады.Қарағай
Бір кезде қыз, келіншек болған мырза,
Өзінің көркемдігіне болып ырза.
Біраздан соң түрін көрсең,
Қалады бөлек-бөлек болып сайда.Өсімдіктің өсуі мен қурауы
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
Nursaule_Tulegenova
Керемет жұмбақтар!күшті маған көп пайда алып келді! Бұл жұмбақтарды шығарған адамға өте үлкен рахмет! ! ! ! !