Көрдің бе бір нәрсе тұр дөп-дөңгелек,
Аз тұрса сол жерінде болады көк.
Жерінде бір күн тұрған үш күн тұрса,
Өзіндей кетеді екен үш есе боп.Кене
Мына сілтемелерді де қарап көріңіз:
Көлбең-көлбең етеді,
Гүлден ұшып жетеді.
Гүл шырынын сорады,
Соған риза болады.Көбелек
Ас көрсе-ақ жалайды,
Содан ауру тарайды.Шыбын
Қыпша белді,
Қыбыр жүрісті.
Тыным алмайды,
Тындырмай жұмысты.Құмырысқа
Құс емес,
Бірақ әндетіп ұшады.
Өзіңді көрсе,
Құшақтап қысады.
Тістеп сүйеді, жаның күйеді.
Бітпей егесің
Қанын төгесің.Маса
Еңбегі бапты,
Емгені тәтті.
Өмірлік нәрін
Гүлдерден тапты.Бал арасы
Қарайып ұшқанымен қарға емес,
Ін қазғанмен түлкі емес.
Арқасында боқшасы,
Жинағанмен мүлкі емес.Қара қоңыз
Бір палуан өзі күшті, қайраты мол,
Өзінен үлкен затты көтерер ол.
Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе,
Қайқаңдап аса берер бәрінен де ол.Құмырсқа
Елек-елек тарым бар,
Көтере алсаң бәрін ал.Құмырсқаның илеуі
Кішкентай ғана түйме тас,
Атан түйе тарта алмас.Кене
Тоқыған ауы – шыбынның жауы.Өрмекші
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі