Тап-тап, тап жорға,
Табаны үшкір көк жорға,
Желіп кетсе жеткізбес,
Жерге түссе табылмас.Ине
Қарап көріңіз:
Барлық жұмбақтар Логикалық сұрақтар Сіріңке жұмбақтары жауабымен Математикалық жұмбақтар Табиғат туралы жұмбақтар
Ине
Қолөнер туралы жұмбақтар
Бұл бетте жұмбақтың толық мәтіні мен жауабын онлайн оқуға болады.
Өзі жып етеді,
Ізімен жіп өтеді.Ине-жіп
Əлемді 18 мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.Ине
Тұтқасыз таба жай,
Ұнатады көп апай.Оймақ
Шым шиедей қотыр.Кесте
Жарға жаңқа жабысқан,
Екі үзеңгі қағысқан.Ши тоқу
Құрап-құрап тон піштім,
Құлынды биеге бергісіз.Тоқылған ши
Мамық, шуаш иісті,
Шыр айналып жіп болар,
Тоқыса жылылығы күшті
Ағашқа құйындап оралар.Иірілген жүн, жіп
Ұзын-ұзын жолдар бар,
Үйрек қонар көлдер бар.
Ат үстінде шоқиып,
Отыратын күндер бар.Өрмек, шекпен тоқу
Өзен бойын өрледім,
Су таба алмай шөлдедім,
Оң қолымдағы найзаны,
Олай-бұлай сермедім.Өрмек тоқу
Жыңғыл тақтым жұртыңа,
Жылпылдап бұтыңа,
Әне-міне дегенше,
Өте шықтым сыртыңа.Өрмек тоқу
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі