Түпсіз терең тұңғиық
Бүкіл әлем тұр сыйып.Көз
Мына сілтемелерді де қарап көріңіз:
Біз едік, біз едік,
Отыз екі қыз едік.
Қатар-қатар тізілдік,
Кезек-кезек үзілдік.Тіс
Жанды мотор сынбайды,
Күні-түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін
Дәрігер де тыңдайды.Жүрек
«А» мен «қ»-ның арасы,
Бір-ақ әріп, санашы!
Онсыз аттап жүре алмас,
Адамзаттың баласы.Аяқ
Бір дария жерде де емес, көкте де емес,
Болғанда түбі терең, аузы кемеш,
Ішіне ит түссе де арам емес.Адамның көзі
Бір таудың алпыс екі саласы бар,
Он екі жанында қаласы бар.
Бау-бақша, түрлі өсімдіктер,
Барлығын біліп тұрған анасы бар.Адамның алпыс екі тамыры, он екі мүшесі
Қолымда он жүзігім ал шығармай,
Бір бөрі мал жейді екен қан шығармай.
Төрт торы, екі сала жұмбағым бар,
Мұны тапқан мені алсын мал шығармай.Он тырнақ, ұстара, жылдың төрт мезгілі
Бір жанды мақлұқ көрдім пошымы бөлек,
Бір тау бар ортасында дөп-дөңгелек.
Үстіне шыққан шөбі бәрі тегіс,
Мал жемес, шауып алып неме керек.
Сол таудың ортасында екі өзен.
Астында бұлағы бар, алды кезең.
Не астына, не үстіне шыққан шөп жоқ,
Адамзат көргенің жоқ ондай өзен.
Сол таудың етегінде жалғыз құдық,
Беткейде асыл таспен аузын қиып,
Ішіне кірген нәрсе тірі шықпас,
Асыл тас жібереді бәрін қиып.Адамның басы, беті, аузы, тісі
Еңкейсем еңкейеді,
Шалқайсам шалқаяды.Көлеңке
Екі жар бірін-бірі шамалаған,
Тал шығып жағасында сабалаған.Кірпік
Ақ күшігім арбадан қарғып түсті.Түкірік
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі