Басына биік таудың бітеді раң,
Жайлайды ол раңды екі түрлі аң.
Қолына өткір семсер қылыш алып,
Шығады аң аулауға салып ұран.
Ат мінген бұл екеуі жүгендемей,
Дүниені кетпекші емес түгендемей,
Астында екеуінің аты бар,
Құрығы шолақ болған бөгендемей.Жыл, жаз, қыс
«Тик-так», «так-так»,
«Тұр-тұр», «Жат-жат»
– деп әмір береді,
Шаршамай келеді.Сағат
Таңдайы тақ, тақ,
Талмайтын неткен жақ!
Бір өзінде екі тіл,
Сөйлемейді бірақ.Сағат
Тық-тық ұрып
Шегесін қадап,
Мезгілді саған
Айтады санап.Сағат
Бұралса болды құлағы,
Уақытты қуады.Сағат
Көлемді, үлкен, алып аузын ашып,
Жүреді он екі аяқ қадам басып.
Әр бірінде отыздан бармағы бар,
Құтылмас ешбір адам одан қашып.Жыл, он екі ай
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі