Бір басты, екі тілді бір мақұлық,
Жүреді айдалада ырғатылып,
Менсініп ешбір жанмен тілдеспейді,
Өзінің сөйлеспесе досты барып.
Жиһанда қанша ділмар болсаң-дағы
Тұрасың сөйлесе алмай болып ғарып,
Онымен тілдесе алсаң сөз шығарып,
Кісіге пайдасы көп, залалы жоқ,
Дос болсаң бар мұқтажың бітер анық.Қалам
Ағаштан киген тоны бар,
Пышақпен ұшын жонып ал.
Ақ қағаздың бетіне,
Иректеп салған жолы бар.Қарындаш
Алты қырлы,
Бiр сырлы.Қарындаш
Төркінін танысаң,
Жақ аштырмайды.
Танымасаң жарастырмайды.Сөз
Айғағы жоқ,
Айтары көп
Айтқанынан
Қайтары жоқ.Кітап
Дауысы жоқ, тілі жоқ.
Сөйлеп кетсе, міні жоқ.Кітап
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі