Бір патша, екі уәзір бек байланды, Әрқашан туралы жұмбақ жауабымен


Бір патша, екі уәзір бек байланды,
Әрқашан он батырды жауға алдайды.
Құдыққа жіпсіз салып бір адамды,
Бесеуі шығаруға ондайланды.

Қол, екі көз, он саусақ, қалам, дәуіт

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Басқа да жұмбақтар


Ағаштан киген тоны бар,
Пышақпен ұшын жонып ал.
Ақ қағаздың бетіне,
Иректеп салған жолы бар.

Қарындаш



Алты қырлы,
Бiр сырлы.

Қарындаш



Төркінін танысаң,
Жақ аштырмайды.
Танымасаң жарастырмайды.

Сөз



Айғағы жоқ,
Айтары көп
Айтқанынан
Қайтары жоқ.

Кітап



Дауысы жоқ, тілі жоқ.
Сөйлеп кетсе, міні жоқ.

Кітап


Жұмбақ бөлімдері мен түрлері

Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.