Жақсыменен тең көрген,
Ата-ана да жөн көрген.
Орындықпын төңкерген.Төрттік
Төрттік
Оқу жабдықтары, оқу құралдары, білім жұмбақтары
Бұл бетте жұмбақтың толық мәтіні мен жауабын онлайн оқуға болады.
Ағаштан киген тоны бар,
Пышақпен ұшын жонып ал.
Ақ қағаздың бетіне,
Иректеп салған жолы бар.Қарындаш
Алты қырлы,
Бiр сырлы.Қарындаш
Төркінін танысаң,
Жақ аштырмайды.
Танымасаң жарастырмайды.Сөз
Айғағы жоқ,
Айтары көп
Айтқанынан
Қайтары жоқ.Кітап
Дауысы жоқ, тілі жоқ.
Сөйлеп кетсе, міні жоқ.Кітап
Бойлаған сайын тереңге,
Шығасың биік белеңге.Білім
Бір шыққан соң орнына қайтып кірмес,
Қай жақтан келерін де адам білмес.
Азаттығы сонымен дүниенің,
Онсыз тірі ешкім де дәуір сүрмес.Сөз
Тыста – арқаңдамын,
Сыныпта – партаңдамын.Портфель
Бір зат бар тілі жоқ,
Ал, сөзінде міні жоқ.Хат
Үнсіз тілдесесің,
Өзімен күнде өсесің.Кітап
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі