Бұл бөлімде өсімдіктер, гүлдер және егіс тақырыбына қатысты жұмбақтар берілген. Табиғат туралы білімді кеңейтуге көмектеседі.
Көктемде –
Түрлі-түске малынған,
Қыста –
Ақ жамылғы жамылған.Дала
Теңіз дерсің,
Толқып жатқан,
Ару дерсің,
Сырға таққан.Егінді алқап
Жасыл желекті,
Жүзін жел өпті.
Көктемнің құшағына құлап
Тұрады қуанғаннан жылап.Қайың
Сыздардай сымбатты
Көңіліңді бұрады.
Күнмен тілдесіп
Ән салып тұрады.Қарағай
Бір кезде қыз, келіншек болған мырза,
Өзінің көркемдігіне болып ырза.
Біраздан соң түрін көрсең,
Қалады бөлек-бөлек болып сайда.Өсімдіктің өсуі мен қурауы
Алыстан қарасаң, қара,
Жақындасаң, бала.
Ұстаған таяқ,
Жесең, тамақ.Кеурек
Онда барып, ондай болдым,
Мұнда келіп, мұндай болдым,
Белін буған қындай болдым.Ши
Айт десе, жүгірмес,
Су тисе, сілкінбес.Шөп
Сәл иіліп, сәнденіп,
Бақшада тұр сары бөрік.
Күзде жинап жаншысаң,
Сорғалайды май болып.Күнбағыс
Жүзін орап гүлменен,
Күнге қарап телмірер.
Тіспен шағып, тілменен
Дәмін татқан ел білер.Күнбағыс
Жаз кигені жаңа нәш,
Қыста жап-жалаңаш.Терек
Шөлде гүлдейді, құлпырады,
Суда өмірі қырқылады.Сексеуіл
Қыс болса, ұзын бойлы жалғыз тұрған,
Жаз болса, түрлі құстар келіп қонған.
Қысты күні киімсіз, жазда киімді,
Жыбырлап түрлі жәндік соған толған.Ағаштың жапырағы
Шақырсаң, өздігінен бара алмайды,
Сұрасаң, бірде жауап бере алмайды.
Егер де отқа салсаң, өліп кетер,
Бір жерін кесіп алсаң, қанамайды.Ағаш
Кіргенде жерге сыңар-ды,
Ұрпағын ертіп ол шығарды.Картоп
Өзі жерде бұғып жатыр,
Сақалы сыртқа шығып жатыр.Сәбіз
Әрі қызыл әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.Алма
Түрі шар сияқты,
Түсі қан сияқты,
Дәмі бал сияқты.Шие
Жер бетінде селдір шаш,
Жер астында жұмыр бас.Қызылша
Қышқыл қызыл бытыра
Тығып алып ұртына.
Тымырайып тұрғаны,
Түк шығармай сыртына.Анар
Ас,
Астың ішінде тас,
Тастың ішінде және ас.Өрік
Қозыларым көгендеулі күн ұзын,
Су ішкенмен шөп жемейді бір үзім.Қияр
Кіп-кішкене қазан,
Іші толы тағам.Жаңғақ
Атан түйе тұралап,
Аштан қатып қалған ба?
Бір-ақ уыс құмалақ
Шықты қарнын жарғанда.Асқабақ
Құдай-ай, құдіретіңнің панасынан,
Таңым бар мен Құдайдың бар күшіне,
Анасы туады екен баласынан.Қауын
Байлап қойдым қойымды,
Желіде жатып тойынды.Қауын
Көктемде тұзақ құрғанмын,
Қолайлы деген қырға бір.
Тамызда барып жинадым,
Бір арба қызыл қырғауыл.Қауын
Көкала бешпет киеді,
Күннің көзін сүйеді.Қарбыз
Біреу-ақ анасы,
Мың шақты баласы.Қарбыз
Пісер күнін сарылып,
Күтіп жүрдік сағынып.
Күз келгенде болыпты
Салиқалы сары мұрт.Бидай
Қызыл керіш тас боп түседі,
Ақ ұлпа қар боп шығады.Бидай
Қырдан қырайман көрдім,
Судан сүлеймен көрдім.
Қайырылып тұрған тас көрдім,
Тұзсыз піскен ас көрдім.Диірмен, балық, қауын
Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін.
Қабат-қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін?Орамжапырақ
Пошымы бар домалақ,
Көріп қойдым сығалап.
Жақсы болса тұрмысы,
Шығады екен қоғалап.
Бес ай тамам біткенде,
Қаптап алдым құмалақ.Картоп
Асты тақта,
Үсті тақта,
Ортасы жасыл мақта.Пісте
Бір тауық балапан басты жерге кіріп,
Баласын шығармақшы жерде жүріп.
Ол жерден мойнын созып балалады,
Қарасақ, мыңнан да көп бетін жырып.Жүгері
Алыстан көрсем ақ тас,
Жақыннан көрсем – дәмді ас.Күріш
Бала-бала, балалар,
Мүйізінен су шіп,
Таяғынан балалар.Тары
Өзі қызыл,
Бауырында бар,
Жалғыз сызық.
Бұған жұрттың,
Бәрі де ынтық.Бидай
Мезгілсіз піспейді.
Піспей түспейді,
Шыңнан құласа,
Шекесі іспейді.Жаңғақ
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі