Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Өсімдіктер туралы жұмбақтар

Бұл бөлімде өсімдіктер туралы жұмбақтар жинақталған. Егіс, гүлдер, ағаштар мен табиғатқа қатысты танымдық сұрақтар берілген. Балалар өсімдіктер әлемін қызықты түрде танып біле алады. Жауаптары бірге ұсынылған.

Ең көп қаралған жұмбақтар

Жаңа жұмбақтар


Кіп-кішкене қазан,
Іші толы тағам.

Жаңғақ



Атан түйе тұралап,
Аштан қатып қалған ба?
Бір-ақ уыс құмалақ
Шықты қарнын жарғанда.

Асқабақ



Құдай-ай, құдіретіңнің панасынан,
Таңым бар мен Құдайдың бар күшіне,
Анасы туады екен баласынан.

Қауын



Байлап қойдым қойымды,
Желіде жатып тойынды.

Қауын



Көктемде тұзақ құрғанмын,
Қолайлы деген қырға бір.
Тамызда барып жинадым,
Бір арба қызыл қырғауыл.

Қауын



Көкала бешпет киеді,
Күннің көзін сүйеді.

Қарбыз



Біреу-ақ анасы,
Мың шақты баласы.

Қарбыз



Пісер күнін сарылып,
Күтіп жүрдік сағынып.
Күз келгенде болыпты
Салиқалы сары мұрт.

Бидай



Қызыл керіш тас боп түседі,
Ақ ұлпа қар боп шығады.

Бидай



Қырдан қырайман көрдім,
Судан сүлеймен көрдім.
Қайырылып тұрған тас көрдім,
Тұзсыз піскен ас көрдім.

Диірмен, балық, қауын



Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін.
Қабат-қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін?

Орамжапырақ



Пошымы бар домалақ,
Көріп қойдым сығалап.
Жақсы болса тұрмысы,
Шығады екен қоғалап.
Бес ай тамам біткенде,
Қаптап алдым құмалақ.

Картоп



Асты тақта,
Үсті тақта,
Ортасы жасыл мақта.

Пісте



Бір тауық балапан басты жерге кіріп,
Баласын шығармақшы жерде жүріп.
Ол жерден мойнын созып балалады,
Қарасақ, мыңнан да көп бетін жырып.

Жүгері



Алыстан көрсем ақ тас,
Жақыннан көрсем – дәмді ас.

Күріш



Бала-бала, балалар,
Мүйізінен су шіп,
Таяғынан балалар.

Тары



Өзі қызыл,
Бауырында бар,
Жалғыз сызық.
Бұған жұрттың,
Бәрі де ынтық.

Бидай



Мезгілсіз піспейді.
Піспей түспейді,
Шыңнан құласа,
Шекесі іспейді.

Жаңғақ



Тәтті.
Тәттінің іші қатты,
Қаттының іші тәтті.

Өрік



Кішкентай ғана құтыша,
Іші толған мықша.

Анар


Өсімдіктер туралы жұмбақтар туралы

Өсімдіктер туралы жұмбақтар бөлімінде қазақша жұмбақтар жауабымен жинақталған. Бұл беттен балаларға, оқушыларға және ересектерге арналған қызықты, логикалық және танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жұмбақтар ойлау қабілетін дамытып, тапқырлықты арттыруға көмектеседі.

Жиі қойылатын сұрақтар

Өсімдіктер туралы жұмбақтар деген не?

Өсімдіктер туралы жұмбақтар – ойлауды дамытуға арналған қазақша жұмбақтар жинағы.

Өсімдіктер туралы жұмбақтар кімдерге арналған?

Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға және ересектерге де арналған.

Жұмбақтарды жауабымен қайдан оқуға болады?

Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен онлайн оқуға болады.

Жұмбақ бөлімдері