Егіс пен өсімдіктер өлкесі туралы жұмбақтар – 2-бет


Тәтті.
Тәттінің іші қатты,
Қаттының іші тәтті.

Өрік


Кішкентай ғана құтыша,
Іші толған мықша.

Анар


Арбиған әкесі бар,
Тарбиған шешесі бар.

Шие ағашы


Қозғалмай бір орнында қарап тұрар,
Адамның қажетіне жарап тұрар.
Қаншалық жәбір көрсе, сабыр етіп,
Және де көбеймекке талап қылар.

Ағаш


Басына үлпүлдетіп таққан шашақ,
Бұралып тал шыбықтай тұрған жасап.

Қамыс


Пісетін кезі дәл Күзде
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты...

Шабдалы


Қария күркірейді көбік атып,
Әркім-ақ іздеп барар жүгін артып.
Дарияның ары-бері өткелі жоқ,
Біреуі келген емес тірі қайтып.

Диірмен, бидай


Сырты қызыл, іші ақ,
Қалады ерте пісіп-ақ.

Шалқан


Қатты тас.
Ортасында –
Тәтті ас.

Жаңғақ


Қыр үстінде қолшатыр,
Асқа айналған сол батыр.

Қозықұйрық


Көктемде ол бір еді,
Күзде мың боп түледі.

Дән


Таңертең де, түсте де
Күнге бетін бұрады.
Тостағанын кішкене
Тосады да тұрады.

Күнбағыс


Елдің сүйер егісі,
Жер астында жемісі.

Картоп


Көктемде бір еді.
Күзде мың боп түледі.

Дән


Төбесінде шашағы,
Кеудесінде масағы.

Жүгері


Іші қызыл, сырты көк,
Ала жаздай үрдім доп.

Қарбыз


Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті.
Соғым үшін сайлап қойдым,
Бордақылап байлап қойдым.

Қарбыз


Кіргенде ініне сыңар-ды,
Ұрпағын ертіп ол шығарды.

Картоп


Көйлек, бешпет, халат та
Киген екен қабаттап.
Ақырында июннің
Терлеп, жанып-күйгесін,
Үстегі бар киімнің
Қойды ағытып түймесін.

Капуста


Ешкім де жемейді,
Тәтті екен демейді,
Сарғайып піседі,
Үзіліп түседі.

Жапырақ


Көктемде ақ гүлге оранады,
Күзде қолға доп боп оралады.

Алма


Бақшада піседі
Көп өнім береді.

Көкөніс


Көктемде көктеп шығады талға,
Күзде сарғайып түседі жерге.
Бұл не?

Жапырақ


Тау-тау ақ қар, ерімейді ыстықта.

Мақта


Пішіні бар домалақ,
Көміп қойдым сығалап,
Жақсы болса тұрмысы,
Шығады екен қоғалап,
Бес ай тәмәм біткенде,
Қаптап алдым құмалақ.

Картоп


Айтайын мен бір жұмбақ қыл тамаша,
Тыңдама жұмбағымды ұнамаса,
Ішінде дәндері бақша-бақша,
Кішкентай бейнесіне көз тоймайды қараса.
Ол не?

Қарақат


Сырты қызылсары домалақ,
Көрген жан қызығады,
Іші ай сияқты дөңгелек,
Бұны кім табады?

Мандарин


Сопақша көк өңі бар,
Пайдалы мөлдір сөлі бар.
Піскен кезде жияр,
Оның аты...

Қияр


Атасы қисық ағаш
Анасы жайма шелпек,
Бір сабақта құж-құж жентек.

Жүзім


Қырға қызыл кілем жайылды.

Қызғалдақ


Қабат-қабат киінген
Төбеден шашы түйілген.
Жеп көріп едім өзінен
Жас шығарды көзімнен.

Пияз


Жазда жатсаң - көлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң – жаның рахат табады.

Ағаш


Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.

Қарбыз


Ызақор бұғып жатыр,
Сақалы шығып жатыр.

Жуа


Қысы-жазы өзгермес,
Көрсең де күні-түнімен.
Қанша аяз болса да,
Айрылмайды гүлінен.

Шырша


Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен.

Пияз


Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.

Ағаш


Ағайынды бәрі:
Шықса-көк,
Түссе-сары.

Жапырақтар


Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.

Қияр

Жұмбақ бөлімдері мен түрлері

Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.