Киім-кешек туралы жұмбақтар

Бұл бөлімде киім-кешек туралы жұмбақтар жинақталған. Күнделікті өмірде қолданылатын киім атауларын қызықты түрде үйренуге болады. Балаларға арналған қысқа әрі түсінікті жұмбақтар берілген. Әр жұмбақтың жауабы бірге ұсынылған.

Ең көп қаралған жұмбақтар

Жаңа жұмбақтар


Сырт жағына зер жiппен,
Көз тартатын көрiкпен.
Ою-өрнек бастырған,
Шалқасынан тастаған,
Кәдiмгi сырлы тостаған,
Қойсаң егер төңкерiп,
Төңiрегiн көмкерiп,
Тостағандай бос тұрған,
Киiз үйден аумайды,
Басқұрмен бастырған.

Тақия



Әшекейлi күбiнi,
Үюлi тұрған шөмеле,
Кигiздiм биiк төбеге.

Сәукеле



Әкем ақ тауын,
Ақ шарбымен орады.

Сәлде



Ортасы күмбез,
Жиегiн көмкерген.
Етегi желкендей,
Киiм едi ол нендей?

Кимешек



Қыста,
Шығарда тысқа,
Құлағы салпақ,
Құйрығы жалпақ,
Төбесi жайпақ,
Түктi маңдайы тайпақ,
Iшi мамық байпақ.
Қара орманды қаптадым,
Сөйтiп жан сақтадым.

Тымақ



Дорбаға тығып, бас бағын,
Байлай салдым қос жағын.

Тымақ




Адамның сәнi,
Онсыз жоқ мәнi.

Киiм



Гүлдерi бар құлпырған,
Кең жазықтан аумайды.
Оған әркiм ұмтылған,
Киiм киер оңтайлы.

Мата



Аузы бар, тісі жоқ,
Ештеңемен ісі жоқ.
Аяққа ілсең жүреді,
Өздігінен күші жоқ.

Кебіс



Бәрін-бәрін білесің;
Бас, аяқты, кеудені.
Үнемі сен
Тұмшалаумен жүресің.
Қыста аязда берілмей,
Емін-еркін күлесің.

Қыс киім



Ерте тұрдым,
Екі айыр жолға түстім.

Шалбар


Киім-кешек туралы жұмбақтар туралы

Киім-кешек туралы жұмбақтар бөлімінде қазақша жұмбақтар жауабымен жинақталған. Бұл беттен балаларға, оқушыларға және ересектерге арналған қызықты, логикалық және танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жұмбақтар ойлау қабілетін дамытып, тапқырлықты арттыруға көмектеседі.

Жиі қойылатын сұрақтар

Киім-кешек туралы жұмбақтар деген не?

Киім-кешек туралы жұмбақтар – ойлауды дамытуға арналған қазақша жұмбақтар жинағы.

Киім-кешек туралы жұмбақтар кімдерге арналған?

Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға және ересектерге де арналған.

Жұмбақтарды жауабымен қайдан оқуға болады?

Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен онлайн оқуға болады.

Жұмбақ бөлімдері