Алды ұзын, арты қысқа,
Беттері өзіне сай әрбір тұста,
Суықта да, жылыда да пана болар,
Таппасаң басыңдағыны қолыңа ұста.Тымақ
Қатар жүрсе екеуі,
Барар жерге жетеді.
Жоғалғанда сыңары,
Қозғала алмай тұрады.
Қайда жүрсең,
Қосарлана шабады.
Үйге кірсең,
Босағада қалады.
Іші жыртық,
Сырты тыртық.
Ерте тұрдым,
Алып ұрдым.
Жайсаң - түңлік,
Жисаң - діңгек.
Тымақ