Қолөнер туралы жұмбақтар

Бұл бөлімде қолөнер туралы жұмбақтар жинақталған. Шеберлік пен ұлттық бұйымдарға қатысты сұрақтар арқылы балалар жаңа ұғымдарды меңгереді. Жұмбақтар қызықты әрі тәрбиелік мәні бар. Жауаптары бірге ұсынылған.

Ең көп қаралған жұмбақтар

Жаңа жұмбақтар


Мұрнында байлауы бар,
Адамның айдауы бар.

Ине



Жылмаң-жылмаң етеді,
Жылмаңдатып сайдан өтеді,
Із-міз тастап өтеді.

Ине



Кірш-кірш етеді,
Ішіне кіріп кетеді.

Ине



Жылт-жылт етеді,
Жүгіріп өтеді.

Ине



Байлап едік тайлақты,
Мұрнынан арқан өткізіп,
Байласам да тұрмайды,
Шыр айналып жүгіріп.

Ине



Кішкене темір,
Шидеректің о жағынан,
Бұ жағынан өтеді.

Ине



Бір кішкене білауыз,
Ол білауыз шығып болса,
Жұрттың бәрі жалауыз.

Ине



Жылт-жылт еткен,
Жылғадан өткен.
Балдырған безген,
Кентті кезген.

Ине



Тап-тап, тап жорға,
Табаны үшкір көк жорға,
Желіп кетсе жеткізбес,
Жерге түссе табылмас.

Ине



Сүйегі бар, еті жоқ,
Көзі бар, беті жоқ.

Ине



Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.

Ине



Іші қуыс,
Тысы тас.

Ұршықтың басы



Бөркі бар жақсы басында,
Он кісі бар қасында,
Бұйда тағып жетектеп,
Үйреттім өзім жасында.

Ұршық



Шыр көбелек айналар,
Беліне жіп байланар.

Ұршық



Ақ лағым арық еді,
Құйымшағы сымпиған.
Әжем бір күн бағып еді,
Семіз болды бұлтиған.

Ұршық



Бар екен бір мақұлық жалғыз аяқ,
Аузына тістегені шетен таяқ,
Құдайдың құдіретіне таңғажайып,
Белбеуі беліндегі тоқсан қабат.

Ұршық



Жиһанда бір құс көрдім жалғыз аяқ,
Аузына тістегені қылдан таяқ,
Бір ұрсаң шапалақпен семіреді,
Белбеуі бар белінде сансыз қабат.

Ұршық



Зырлайды күшік әжемнің
Қолынан сүйек кеміріп,
Күн асқан сайын ақ күшік
Барады мүлде семіріп.

Ұршық



Көрінген жол үстінде доғалай бас,
Қолы жоқ, аяғы жоқ бұл қалай бас?
Жағынан шапалақпен сипап ұрсаң,
Атындай жолаушының жорғалай бас.

Ұршық



Көк лағым көген сүйреді.

Ұршық


Қолөнер туралы жұмбақтар туралы

Қолөнер туралы жұмбақтар бөлімінде қазақша жұмбақтар жауабымен жинақталған. Бұл беттен балаларға, оқушыларға және ересектерге арналған қызықты, логикалық және танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жұмбақтар ойлау қабілетін дамытып, тапқырлықты арттыруға көмектеседі.

Жиі қойылатын сұрақтар

Қолөнер туралы жұмбақтар деген не?

Қолөнер туралы жұмбақтар – ойлауды дамытуға арналған қазақша жұмбақтар жинағы.

Қолөнер туралы жұмбақтар кімдерге арналған?

Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға және ересектерге де арналған.

Жұмбақтарды жауабымен қайдан оқуға болады?

Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен онлайн оқуға болады.

Жұмбақ бөлімдері