Аузы қара,
Түбі жара.
Сулап салсаң,
Шығады сары бала.Тандыр пеш
Іші қызыл әлеумет,
Сырты қызыл керемет.
Тыңдап тұрып дәл ұрсаң,
Пайғамбарға сәлем ет.Тандыр пеш
Үсті бүтін,
Іші түтін.Тандыр пеш
Мың дозақ қиямет дерсің,
Ішіне нанды пісіріп жерсің.Тандыр пеш
Қуаты ыссы керемет,
Үйге лебін жаяды.Пеш
Аузы іште, мойны сыртта,
Бар жылуын берер жұртқа.Пеш
Қозғалмайды, үш аяқпен тұрады,
Ауыл көшсе, шаңырақта тұрады.Ошақ
Ұзын құрығым үйге сыймайды.Пештің мойны
Бір нәрсе төрт бұрышты, доп-домалақ,
Үстінде тыныш тұрақ, бір сабалақ.
Өзінің бір ұшы жерде, бір ұшы көкте,
Тоймайды бес жүз түйе баққан шөпке.
Әркімдер көтерем деп ойласа да,
Келмейді сірә тегі тіпті епке.Пеш, түтін
Сырты қап-қара,
Іші қып-қызыл жара.
Әлсін кіріп шығады,
Бір жалаңбас бала.Пеш, от, кесеу
Заттардың қуаңына өр құмар,
Үстінде күйіп піскен нәрсе тұрар.
Орнынан аузын ашып, ұмтылса егер,
Тығылар берген тамақ ұмар-жұмар.Пеш, отын
Қос белбеу, мауыт шекпен, қазан қалпақ,
Нәрседей жылан сорған қарны жалпақ.
Бір жерден қозғалмайды сабыр етіп,
Қылмайды сабырсыздық етсе жалтақ.Жалпақ пеш
Тап-тап, тап балшық,
Тап-тап соққан сор балшық.
Іші қызыл қиямет,
Сырты сұлу әлемет.Пеш
Анасы - жуан,
Қызы - қызыл.Пеш
Жер жүзін бір айдаһар жеп барады,
Аузынан бітеу сүйек боп барады.
Айдаһардың аузына түспей қалса,
Енді іске жарамаймын деп барады.Өрт, ағаш
Қара бием қалт етті,
Қабырғасы жалт етті.Жалын, қазан
Әкесі баласын көтеріп тұрады.Қазан, ошақ
Үш атқа мінгесіп тұр жанғыз көрдім,
Соларға тамаша етіп қарап тұрдым.
Жандыны жансызбенен күрестіріп,
Жансызды бір уақытта алып ұрдым.Ошақтың үш бұты, қазан
Үш аяғы үш жақта,
Төрт құлағы қалқиған.
Ретін таппай жұмсаса,
Ыңғайына жантиған.Темір ошақ
Үш адам қара киген қарағымды,
Бар еді үшеуінің арғымағы.
Үшеуі үш жағынан қарғыса да,
Жетпейді адым жерге қарғығаны.Қазан, ошақ
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі