Бір патша тұтқынға түскен дұшпан әскеріне былай дейді: «Маған бірдеңе айт, егер айтқан сөзің өтірік болса атып өлтірткіземін, егер шын болса дарға асып өлтіртемін.» Сонда әлгі тұтқын бір нәрсе айтып, аман қалыпты. Тұтқын не айтты екен?Мені атып өлтірткізесің» депті. Егер оны атып өлтірсе, шындықты айтқан болатындықтан асып өлтірілуі қажет болады. Егер оны асып өлтіртсе өтірік айтқан болып, атып өлтірілуді қажет етер еді.
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Сумен толтырылған шелек таразыда 10 кг болады. Шелектің ішіне, жіптің ұшына байланған темір шар батырылады. Шар шелектің түбіне тимейді, әрине шелектен белгілі мөлшерде су тасып шығады. Шелектің ауырлығы артады ма, азаяды ма, әлде өзгермейді ме?Азаяды. Таразы, суға батырылған темір шарды тартпайды. Шардың көлемі қанша болса, шелектің ауырлығы сонша грамға азаяды.
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Барлық жылқының үштен бірі және екеуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы айдалып кетті. Сонда өрісте 9 жылқы қалды. Басында неше жылқы болды?30 жылқы
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі