Қар жауар пәкене таудан кетпейтұғын,
Басында бұлағы бар кеппейтұғын.
Тас қорған тәңірім соққан бұзылмайтын,
Болар ма оны адам ептейтұғын.Ағарған шаш, көздің жасы, тіс
Қар жауды тау басына кетпейтұғын,
Аяқ жерге қақ тұрар кетпейтұғын.
Отыз шаһар қаласы ойран болды,
Ел бар ма ебін тауып септейтұғын.Ағарған шаш, көздің жасы, отыз түскен тіс
Қараша тауым қарлы болды,
Бір жауса кетпейтұғын зәрлі болды.Шаштың ағаруы
Беткейге қар жауды,
Кетпеске айналды.
Шаштың ағаруы
Кішкене ғана тегене,
Сырты толған балауса.Шаш, бас
Майтөбеде ол сусыз,
Өскен қамыс буынсыз.Шаш, бас
Бір тауға әрі қайың,
Әрі тал өседі.Шаш, сақал
Білмеймін ерке ме екен, есер ме екен,
Қалпынан артық бойлап өсер ме екен.
Өсірме деп біреуге бұйырмасам,
Таудағы тоғайымды кесер ме екен.Шаш
Басында Қаратаудың қап-қара шөп,
Атаймыз тау демесек әлде не деп.
Ағарып ақырында кете ме екен,
Ол таудың әлде шөбі тұрғанда көп.Шаш
Жас кезінде қара орман,
Жыл өткен сайын ағарған.Шаш
Томпағымның басында тоқсан қыз бар.Шаш
Туғаннан біргемін
Бірақ санын білмеймін.Шаш
Үлкен үй,
Үлкен үйдің ішінде
Кішкене үй.
Кішкене үйдің ішінде
Досқана би.Ерін, тіс, тіл
Үлкен ой,
Үлкен ойдың ішінде
Кіші ой,
Кіші ойдың ішінде,
Балуан би.Ерін, тіс, тіл
Үсті тақтай,
Асты тақтай,
Ортасында әбзел тақтай.Тіс,тіл
Айдын көлде алтын тас,
Ау салса да алынбас.Тіс
Қатар-қатар ақ күріш,
Тұрған жері қақтығыс.Тіс
Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды.Тіл
Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым.Тіс, тіл
Екі тақта арасында
Қимылдайды қызыл тақта.Тіл
Қыдыр ата тас қойдым,
Қызыл өгізді бос қойдым.Тіс, тіл
Мен жұмбақ айтайын табасын ба,
Айналып ақ қаланы шабасын ба?
Тіл, тіс
Бір отаудың ішінде отыз бөрі,
Бар жалғыз қызметкері өте епті.
Он жігіт алып барып тастағанда,
Отаудың бүлкілдейді екі жері.Тіл, тас, саусақ, ерін
Айтайын мен бір жұмбақ ая батыр,
Болғанда асты гауһар, үсті шатыр.
Қазандай қара тастың сол түбінде,
Бір түрлі адам таппас заһар жатыр.Тіл, тіс, ауыз
Бір төбеде үш бастау,
Біреуінің суы - тәтті,
Біреуінің суы - ащы,
Біреуінің суы - сор.Ауыз, жас, сор
Бір ұраның аузында
Бір бау сора.Ауыз бен сақал, мұрт
Абайлап жүргін алдында,
Аңқайған ұра тұрыпты.
Ол ұраның ішінде,
Гауһардан қора тұрыпты.
Ол қораның ішінде
Ақылды дана тұрыпты.
Ол дананың түбінде,
Білімді бала тұрыпты.
Асты менен үстінде
Балаға пана тұрыпты.
Барлығына пана болып,
Ата менен ана болып,
Қаулаған сора тұрыпты.Ауыз, тіс, тіл, көмекей, таңдай,сақал, мұрт
Бір сарай, бір миыммен тазаланған,
Екі серік бір досы бар қасына алған.
Болғанда еден гауһар, желден самал,
Жер жүзі сайран болған жалғыз талмен.Ауыз, сөз, ерін, тіс, таңдай, леп
Ағады тау басынан сегіз бұлақ,
Төртеуі ащы, үшеуі тәтті тым-ақ.
Ащы да емес, төртеуі күшті де емес,
Екі жапырақ өспейді тіпті бірақ.
Екі құлақ, мұрын, екі көз, ауыз
Беткейде бес есік.Екі танау, екі көз, ауыз
Бір тобықта жеті жыртың.Екі танау, екі құлақ, екі көз, бір ауыз
Дарияның інжу-маржан шеттерінде,
Не кітап, оқу жоқ беттерінде.
Қайын ба, қарағай ма, яки тал ма,
Тармасқан тоғай таудың бөктерінде.Адамның бет-аузы, келбеті, сақал-мұрты, сөзі
Бір нәрсе жегеніне тіпті тоймас,
Адамның ол нәрсесіз күні болмас.
Жіберсе қарап қалар жердің бәрі,
Кішкене болса-дағы кемдік қылмас.Ауыз
Күндіз шайқасады,
Түнде айқасады.Кірпік
Алпыс кісі аяқтасты,
Ертеменен таяқтасты.Кірпік
Екі жар бірін бірі шамалаған,
Тал шығып, жағасына сабалаған.Кірпік
Тұнық суға ши ұстадым.Кірпік
Қабақта қара бурам шөгіп жатыр,
Етектеп құмалағын төгіп жатыр.Қас, көз, жас
Бір таудың екі күзетшісі,
Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар.Көз, құлақ, тіс
Таудан тары домалайды,
Оны он екі қаз қуалайды.Көз жасы
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі