Базардан белбайлау қыз әкелдім.
Белін берік байлаған,
Босағадан жай алған.
Лас, қоқыр, шаң-тозаң,
Қосақтап бәрін айдаған.
Жақсы жерде жүреді,
Жаман жерде жатады.
Жалпақ бетті батыр,
Белін буып жатыр.
Қараңғы үйде белін буған бек жатыр.
Мен көрдім бір теңізден темір қайық,
Әр пенде сол қайықты көруі лайық.
Үстіне түндігі жоқ үйді тігіп,
Кетеді риза болып барша халық.
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
Кiрге суда кезiгедi,
Сүйкенем деп езiледi.
Кiр киiмдi қалайды,
Өзi кiрдi жалайды.
Суға түссе шомылып,
Дақты жояр талайғы.
Сүрткен киiмi тазарып,
Өзi қалды тым арып.
Алақанымен
Үй iшiн аялайды,
Бiрақ,
Кiр-қоқысты аямайды.
Кiр-қоқысты сүймейдi,
Сыртқа қуып сүйрейдi.
Едендi кеп жаласа;
Қалдырмас ол түгiндi.
Аузына таласа
Бар қиқым жүгiндi,
Тазалауы тамаша,
Кiлем мен алаша,
Жайнайды қараса.
Iшi салқын, мұзы бар,
Күнкей қашқан қой сынды,
Жылыда тез бұзылар,
Барша тағам тығылар.
Басы жұқа,
Тың күшi бар.
Сабы ұзын,
Ұңғысы бар.
Топырақты уыстап ап,
Лақтырады қуыс табақ.
Сабы – таяқ,
Басы – қалақ.
Ұшын жүрер,
Жерге қадап.
Көз алдыңа жайнаған,
Түсi судан аумаған.
Тегiс перде керiледi,
Бiрақ бәрi көрiнедi.
Мөлдiр мұз арқылы,
Нұр төгiп күн тұрар.
Кең бөлме әр күнi,
Тазарып құлпырар.
Күн нұрына қарық қып,
Үйдi тұрар жарық қып.
Төрт аяғы, арқасы бар,
Жалпақ жайлы ортасы бар.
Ең алдына кiсiнi алып,
Сынайды ылғи күшiн анық.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі