Жон арқасы сүйектен,
Қылшық қалың жүйекте,
Жалбыз паста жағады,
Бізге қызмет қылады.Тіс щеткасы
Қарап тұрмайды,
Мақсаты – үй қамы.
Сылап-сипайды
Ұйпа-тұйпаны.
Үйден шықсаң,
Болмайды оның керегі,
Қайтып келсең,
Үйге хабар береді.
– Белімнен қыс! – дейді,
Қыссаң, тістейді.
Көмекейлете асатсаң,
Білем-білем шикі етті,
Шығарады тосаттан,
Жанышпа қып бір текті.
Арқасында шалжиясың,
Түнейсің де әл жиясың.
осы жумбак кызык екен
Козге илинбейди жутсан билинбейди жаубы керек еди
Дауренбек, ауа шығар
Шикілей жемейді ,піскен соң қоқысқа тастайды ол не жауабы керек еді
Шикілей жемейді піскен соң қоқысқа тастайдв
Өте керемет
Шекідей жемейді піскен соң қоқысқа тастайды
Шикілей жемейді, піскен сон қоқысқа тастайды, жауабы: лавр листі ( лавровый лист)