Жылқыны қарнына қыстырып,
Түйені ерніне қыстырып,
Есекті құлағына қыстырып,
Қасқырды ат қып мініп,
Айт дегенде жүре берген.Қоян
Белестегі бес бие,
Бақылдайды, құрылдайды;
Құйрықтары қара ала,
Қанаттары сары ала.Ұлар
Жақпар тастың астында
Қызыл тонды қыз жатыр.Түлкі
Ыржаяды, күледі,
Басқан ізді біледі.
Таусылмайтын шабысы,
Жұртқа мәлім жүрісі.Түлкі
Мақұлық бар екен даусы зор,
Адамға ұқсап бойында аяқ пен қол,
Мекені тас бұлақтың төңірегінде,
Мынаны тапқан жанның ақылы мол.Аю
Айтайын мен бір жұмбақ тым тамаша,
Тыңдама жұмбағымды ұнамаса.
Бойы бар бір құлаштан астамырақ,
Басында мүйізі бар оннан аса.Бұғы
Түсі түйенікі,
Аяқ-басы сиырдікі.
Құйрығы ешкінікі,
Мүйізі ғана өзінікі.Бұғы
Тауда жүрген құмайды,
Көрген адам сынайды.
Жыл айналып толғанда,
Он екі бұтақ болғанда,
Балта тимей құлайды.Бұғы,жыл толғанда мүйізі түсуі
Бар екен бір айуан көпке таныс,
Мекені жүрер оның тау мен қамыс.
Бұл өзі ойласа көп, шапшаң, епті,
Жүректі бір айуанға қойса бетті.
Қайтпайды жара алмаса не өледі,
Өлмесе тынбайды ол алмай көкті.Жолбарыс
Жануар мақұлықтың біреуі өзі,
Іркілмей жұмсайтұғын ірі тісті.Арыстан
Бір нәрсе қайраты көп, болған күшті,
Басынан өткізеді әрбір істі.
Жануар мақұлықтың біреуі өзі,
Іркілмей жұмсайтұғын ірі тісті.Арыстан
Тоң мойынды жуан көк,
Желіп, жортып бүкеңдеп,
Несібесі даладан,
Еңбек қылмай жүрер тек.Қасқыр
Жол бойында жортқан,
Сыбызғысын тартқан.Қасқыр
Тоғайда айғыр кісінейді,
Ауылға сірә келмейді.Қасқыр
Бір күні елден,
Он күні жерден.Қасқыр
Аузы бейне шалғы орақ,
Шөп емес, бірақ мал орады.Қасқыр
Түссе күннің шуағы
Көзді еріксіз жұмады.
Жылы жерді сүйеді,
Беті-қолын жуады.Мысық
От басында бүкір шал,
Құдайына шүкір шал.Мысық
Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ,
Тоны бар, киерінде шапаны жоқ.
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп-шығар сапары жоқ.Мысық
От басында құмған,
Екі көзін жұмған.Мысық
Бір балық көрер көзге жүні майда,
Тимейді майдалықтан ешбір пайда,
Қаруы денесінде бір-ақ жерде,
Саны бар, сапасы жоқ сида-сида,
Ибарат да тіршілік ойына алмайды,
Қонып, түнеп, жатады әлде қайда.Ит
Төрт аяқты мақұлық,
Үй күзетеді ақырып,
Тындырғандай кей жерде
Жата кетер аһ ұрып.Ит
Үй артында шоңқайма,
Буы шығып тұрмай ма?
Салпаң құлақ келед деп,
Қорқа-қорқа тұрмай ма?!Ит
От басында орайған,
Құйымшағы сорайған.Тазы ит
Ол надыр құм жануары,
Көзі өткір, көңілі тар,
Басқа ұрсаң, қылмайды намыс-ар.
Қара түгіл ханда бар,
Қытайда бар, Қырымда бар,
Түркістан, Үрімде бар,
Хоразым, Бұхарада бар.Ит
Жанды “сағат”,
Айқай салады.Есек
Денесі буылтық,
Сырты жасыл түк.
Өзі сұр, бөрі емес,
Ұзын құлақты, қоян емес,
Жұмыр тұяқты, жылқы емес.Есек
Ешбір бұйым тікпеген,
Үсті толған көк тебен.Кірпі
Үсті толы ине,
Бірақта, іс тігіп,
Қадамайды түйме.Кірпі
Үй iшiн аралап,
Түнде көп жортады.
Қаптарды жарып,
Мысықтан қорқады.Тышқан
Жол үстiнде егiз өрiм,
Қамшы жатыр сегiз өрiм.Жылан
Сумаңдаған тiлi бар,
Бұраңдаған iзi бар.
Тiл ұшында уы бар,
Ол не?
Бiлiп ал!Жылан
Сабы жоқ қамшы,
Ешкiмге ұсынба,
Уы бар бiр тамшы,
Тiлiнiң ұшында.Жылан
Таңдайлары тақылдап,
Шулайтын кiм шалшықта.
Бiрiн-бiрi мақұлдап?Бақа
Бар дауысымен тақылдап,
Шалшық көлдi мақтайды.
Өзiн-өзi мақұлдап,
Бiрiн-бiрi жақтайды.
Тәулiк бойы бақылдап,
Мезгiлiмен жатпайды.Бақа
Шөл даланы мекендеп,
Жүгiредi секендеп.
Құйрығы ұзын шашақты,
Аяғы көп саусақты,
Түнде iздеп керегiн,
Iнге жинар қорегiн.Қосаяқ
Лақ емес енесiн еметiн,
Бiрақта емшекке кiм төнетiн.Ешкiемер
Құм жолад жортады,
Тұрса жеп қияқты,
Сыбызғы тартатын,
Музыкант сияқты.Суыр
Шақылдап ашықта,
Тiк тұрар қазықтай,
Жем iздеп жортады,
Тысырдан қорқады
Iнiн кеп сағалар,
Зып етiп жоғалар.Саршұнақ
Жұдырықтай тұрқы,
Ошағанға ұқсас сырты.
Бұл не?Кірпі
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі