Тау көтерген төрт қазық.Төрт аяқ
Жақпар тастың өркешiне,
Секiредi құламай.
Қия құздың өр төсiне,
Орғып шығар ол оңай.Арқар
Пысқырғыш не?
Ысқырғыш не?Құлан мен жылан
Тұрқы, түрi
Жылқы тектес жалы бар,
Шөп жеп түрлi,
Түзде өскен жануар.Құлан
Есек емес,
Жылқы емес.
Екеуiнiң ұқсастығы
Бередi тұрқы елес.Құлан
Мүйiзiнен таралған,
Жанға шипа дәрi алған.Марал
Төбесiнде қу бұтақ,
Алар екен кiм бұтап.Бұғы
Жапырақ жоқ бұтасында,
Қос емен өсiп тұр бiр басында.Бұғы
Басына өскен тарбиып,
Жапырақсыз бұтағы.
Алады одан қан құйып.
Емге шипа бұл дағы.Бұғы
Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады.Қарлығаш
Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.Аю
Секіреді –
Бала емес.
Сақалы бар –
Шал емес.Серке
Доп пішіндес тасты
Бауырына басты.Жұмыртқа басқан құс
Жұмыр тасты төрт аяқ
Көтеріп тұр, көп таяп.Тасбақа
Тастай қатты бұл шапан,
Қалай жуып жұмсартам?Тасбақаның сауыты
Басында көп-ақ бұтағы,
Адамды көрсе зытадыБұғы
Таусылама, қарандар,
Табиғаттын қызығы?
Суық жақтағы жануар –
Бұтақ-бұтақ мүйізі.Бұғы
Ай астында ақ мамық
Жатыр суды жастанып.Аққу
Бір топ жынғыл ішінде,
Бір жапырақ қызыл гүл.Қырғауыл
Орманда жоғары
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балға етіп,
Тарсылдатып соғады.Тоқылдақ
Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Айбаты жан шыдамас үндері бар.
Шаршы бой, сұлу құйрық, қысқа құлақ,
Кететін зиян қылып бір жері бар.Жолбарыс
Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат.
Бейғам елде іздейді,
Малдан күдер үзбейді.Қасқыр
Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ,
Өзіне міндетпесе, қызмет қылмақ.Есек
Қара арғымақ мінгенім,
Қыр айнала жүргенім.
Сегіз найза сенгенім,
Он екі қылыш ілгенім.Бүркіт
Жер бетінде жатқан арқан,
Ұстауға оны бәрі де қорққан.Жылан
Білесін мекен даласын,
Бірден тауып аласың,
Салыр алып дорбаға,
Жүреді ылғи баласын.Кенгуру
Күндіз соқыр не деген?
Түнде қалай көреген?Үкі
Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен,ұстайды.Балық
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.Мысық
Тастамайды бір елі,
Үйін сүйреп жүредіТасбақа немесе ұлу
Апан-апан,
Ескі шапан.
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз.Түйе
Биікте ұшып жүреді,
Елік, қоян бүреді.
Қия таста ұясы,
Бұл құсты кім біледі?Бүркіт
Тұмсығымен ояды,
Ағаш құртын жояды.Тоқылдақ
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Қой
Асты тас, үсті тас
Ортасында жанды бас.Тасбақа
Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы барТүйе
Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз баптаймыз.
Бейбітшілік құсы, - деп
Қайсы құсты мақтаймыз.
Көгершін
Тұмсығы дөңгелек,
Денесі он бөлек.Шошқа
Бітімі тұрқы,
Аумаған жылқы.
Мәйкесі жолақ,
Айыбы солақ.
Зебра
Санай алмай шаршадым,
Найзасы бар қанша мың.
Батыр емес бырақта,
Қашып жүрер жырақта.
Кірпі
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі