Алқызыл жоны түрленген,
Құйрығы шар үрленген.
Далада жортып жалтақтап,
Қулықпен күн көрген.Түлкі
Бақалшағы жоқ сыртында,
Үккісі бар ұртында.
Қорегін ұстар таяғы,
Арқанға ұқсас аяғы.Сегізаяқ
Бір-ақ уыс көлемім
Шыбын-шіркей қорегім
Бау-бақшаны қорғаймын
Ал атым ше?Торғаймын
Төртеуі келеді,
Төртеуі асылып тұрады
Екеуі жол көрсетеді
Екеуі иттен сақтайды.
Енді біреуі артан асылып тұрады.Сиыр
Аппақ доп тауып
Шақырды ақ ...Тауық
Ағашта жабысып тұрады
Тұмсығын алмай ұрады.Тоқылдақ
Құйрығы он қарыс
Бұл айбатты ...Жолбарыс
Үйіңе үйін салатын,
Адамның досы қай құс?Қарлығаш
Құлағы жоқ, көзі бар.
Түсі суық ызғарлы,
Аузында айыр бізі бар.Жылан
Желіп жетсе жеткізбес,
Жерге түссе табылмас.Бөдене
Желіп жетсе, жеткізбейді,
Тап қасында жатса да адам көрмес.Бөдене
Итпен бірге таласып,
Табаққа қонып қоймайды
Білесің бе айта ғой,
Танисың ба?Торғай
Бейбіт құсы аталады,
Бар әлемге жар салады.
Танисың ба ол құсты
Аты қалай аталады?Көгершін
Жүнім желкілдеген,
Құйрығым үлрілдеген.
Сияқтымын жалын,
Жаңғақ құмар жаным.Тиін
Тез өседі,
Көп жейді:
Сәбіз жейді,
Шөп жейді.
Құлақтары қалақтай,
Зытып берер жолатпай.Қоян
Қара жолақ сары шекпен,
Елдің бәрі зардап шеккен.Жолбарыс
Толық жасқа толғанда
Бұзауқаның кім болмақ?Тайыншақ
Түсім менің күлгін,
Жетпес маған сүлгің.
Жемеймін мен етіңді,
Ал өсімдік өтімді.Піл
Адамдарға қажетсің,
Құйғытқанға не жетсін?!
Жарыс бізге ұнайды,
Бәйге сізді сынайды.Жылқы
Болғанменен көп инесі,
Іс тікпейді оның иесі.Кірпі
Орғыған қорқақ көзі еді
Қыс пен жазда түрлі тон киеді.Қоян
Шаңқ-шұңқ еткен үні жоқ,
Сусыз оның күні жоқ
Жүріп кетсе соңында,
Қалып жатқан ізі жоқ.
Бұл не?Балық
Ұя, ұлу, ұшақтың
Басын бастап беремін.
Құс, жұмыртқа, бұтақтың,
Ортасында келемін.Ұя
Қамыс құлақ,
Тостаған тұяқ
Мінсең – қанат
Сүті – дәрі,
Еті – тамақ.Жылқы
Айран берген, құрт берген,
Шелек-шелек сүт берген,
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қандай мал, кім білген?Сиыр
Бүріп қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай.Әтеш
Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ.Қарға
Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.Сиыр
Өзінше ноян
Қорқақ кім?
Қоян
Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған.Мысық
Қаңғырамын үйім жоқ,
Ауылдардың қойы көп.
Ұрлық,зорлық кәсібім,
Тамақтанар-нәсібім.Қасқыр
Бес қаруы белінде
Самғап жүреді көгімде.Бүркіт
Басында айдары бар,
Иегінде сақалы бар.Әтеш
Бұл не қылған ер еді?
Қандай мықты жүрегі.
Түздің маңғаз түлегі,
Бір ұрттам су татпастан,
Мың шақырым жүреді.
Түйе
Басында үшкір істігі бар,
Өзіне лайықтап тон пішкен,
Секіріп тастан түскен.Ешкі
Орманда оның тұрағы
Тоқ-тоқ етіп тұрады.Тоқылдақ
Аяғы бар, басы бар,
Арқасында тасы бар.
Тасбақа
Түрі - жылқы бейнесі,
Жолақ-жолақ жейдесі.Зебра
Далада жүр шапқылап
Керемет бір саққұлақ.Қоян
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.Аю
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі