Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт.Көгершін
Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ.
Мысық
Сулы жерді мекендеп,
Құрлықта да секеңдеп,
Шыбын-шіркей аңдиды,
Жемге қашан жетем деп.Бақа
Жоны қара тақтайдай,
Бауыры аппақ мақтадай.
Мекендейді мұз-қарды,
Сүйеді тек ызғарды.
Бұлғаңдайды, қашпайды,
Асықпайды, саспайды,
Мұз үстінде билейді,
Бірақ белін имейді.Пингвин
Сұрқы бір қарыс,
Итбалыққа ұқсайды.
Ұмтылғанда — жолбарыс,
Сүңгіп шабақ ұстайды.Сушылқара
Қомағайлық жасайды,
Шабақтарды асайды.Шортан
Күміспенен апталған,
Теңгеменен қапталған.Сазан
Суда өседі, өнеді,
Сыртқа шықса, өледі.Балық
Қошқыл жолақты,
Еріні сағақты.
Бүкіл денесі –
Терек теңгесі.Жапырақ балық
Жалтыраған бауыры.
Құдды көмір түтігі.
Өзінің бар тәуірі,
Сәуле шашар түтігі.Үтікбалық
Тұла бойы толы ине,
Жауын көрсе ол неме,
Едірейіп бүртігі,
Бола қалар біртүрлі.
Тұрған түсі көз көріп,
Шыға келер өзгеріп.
Қарнын үрлеп алады,
Допқа ұқсай қалады.Тікенқұрсақ
Қапталған сүйекті сауытпен,
Қорықпас ешқандай қауіптен.
Сойдиған тістері қашаудай,
Қорегін асаудай-ақ асайды-ай.Сауыттыбалық
Майшабақпен сайыспай,
Үйіріп жүрер басқара.
Тұлғасы ұқсас қайыстай
Шұбатылған таспаға.Белбеубалық
Тұмсығы — қайықтың күрегі,
Аузымен шөп сүзіп жүреді.Ескектұмсық
Қарасаң келбетіне
Тұмсығы найзадай.
Шығарып су бетіне,
Қанатын жайса жай,
Көрінер кемедей,
Мұхитта телегей.Желкенді балық
Қауырсын мұрт шетінен,
Жүзеді тек шалқалап.
Шабақты су бетінен,
Оңай ұстар қалқалап.Қарабауыр жайын
Тұрқы қысқа, күші мен
Қылығы бар орасан,
Мықты сояу тісімен,
Үлкенді де өзінен,
Қылғи салар жанаса.
Бірақ
Жемі ішінен
Көрінеді қараса.Қара тажал
Ілгегі бар дәу ұзын,
Керіп ашса ауызын,
Сәуле шашып тістері,
Судың кезген тереңін,
Шақырады қорегін.Қармақшы балық
Басы доғал,
Мұрты бар.
Аузы апандай,
Ұрты бар.
Түрі китке ұқсайды.Жайын
Өзі алып кемедей,
Дауылдан ықпайды.
Су шашып,
Телегей
Мұхиттан шықпайды.Кит
Түйеде жоқ, ешкіде бар,
Доңызда жоқ, қоңызда бар.Мүйіз
Түрлі-түрлі түр кілем,
Түр аласы бір кілем.Малдың шуы
Он екі түйе, он жылқы, тоғыз сиыр,
Бес ешкі, бір жарым қоян.
Малдың бала көтеретін уақыты
Жол, жол, жол жатыр,
Жол айнала қол жатыр.
Тамақ қолдың ішінде,
Айдаһар жегір хан жатыр.Малдың өті
Айтайын айт дегенде, ая батыр,
Болғанда асты гауһар, үсті шатыр.
Қазандай қара тастың дәл түбінде,
Бір түрлі адам таппас зәһәр жатыр.Малдың өті
Бір шал бар ауылымызда барпылдаған,
Басында екі найза жарқылдаған.
Іш майын құмырадан аңқытып ап,
Кімді көрсе, артынан жалпылдаған.
Өзі кәрі болғанменен сылқым сері,
Ақ сокна белбеуі салпылдаған.Теке
Сақалы бар,
Санасы жоқ.Ешкі
Асты пышақ, үсті істік,
Өзіне лайықтап киім пішкен,
Секіріп-секіріп түскен.Ешкі
Қайырып басын тастаған,
Қайқайып қойды бастаған.Ешкі
Төрт аяқ ортасында бүгілі бар,
Сөйлейтін өз алдында пиғылы бар.
Халінше сайманы ғой керек заты,
Көтерген екі дана құрығы бар.
Беретін жақынына жаны ашып,
Ашытқан бір аяқтай қымызы бар.Ешкі, төрт аяғы, екі мүйізі, сүті
Ашылмаған сандықта,
Пішілмеген құндыз бар.Қозы
Ерте кетіп, кеш келе,
Тері тонды жануар.
Моншақ төгіп кетеді,
Жылтыраған суы бар.Қойдың құмалағы
Ауылдан ерте тұрып, кетер сыртқа,
Көп жанға жалғыз нәрсе болды тұтқа,
Сол жерден аз жұмысын бітіріп ап,
Қайтады қуанышпен бір уақытта.Жайылған қой, қозы
Шапаным да, тоным да,
Арқаның жүр жонында.
Атам соның соңында,
Таяғы бар қолында.Қой, қойшы
Азанда кетер ләйлекен,
Кеште келер ләйлекен.
Түрлі-түрлі жібектен,
Түймесі бар ілгектен.Қой, ешкі
Баурындағы бұлағын ел ішеді.
Шабылады жотасынан пішені.Саулық қой
Екен, екен, екен жұмбақ,
Екі етегін түрген жұмбақ.
Қазалыға барған жұмбақ,
Қақтың суын ішкен жұмбақ.Қой
Төрт тағанды бойы бар,
Момындық дұрыс ойы бар.
Кербезденіп жүрмейді,
Айналдырған тоны бар.Қой
Арқасы бар, аунамайды,
Аузы бар, күйсемейді.Сиыр мен ат
Түйір-түйір төртеу,
Түймеменен бесеу.
Жалғыз тайы жалғыз,
Темір қазық екеу.Сиырдың төрт емшегі, кіндігі, құйрығы, екі мүйізі
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі