Қара жағал кішкене,
Қанаты бар сүйріктей.
Оған теңдес құс кәне?
Тапшы осындай жүйрікті?Жағалтай
Қызықтырар әрі
Қарай берсең табылар,
Алуан түсті бояудың,
Өн бойында бәрі бар.Қырғауыл
Үп-үшкір таяғы,
Жылан көзін ояды.Дәуіт
Көк жүзінде жылжып жай,
Керуен құрған тізіліп,
Ілгек-ілгек шынжырдай,
Қалмайды олар үзіліп?Тырна
Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап.Қаз
Қиянға қиын небір,
Салатын ұяны.
Өткір көзі шегір,
Бүргенін құртар тұяғы.Бүркіт
Қауырсыны құлпырған,
Мың бояулы гүл тұнған.
Сайрағанда дауысы,
Әнге бөлер тау ішін.
Қара мына ғажапқа,
Өзі шебер мазаққа.Тоты
Мойыны сұрақ белгісі,
Бұл қандай көл құсы?Аққу
Су бетін сызып,
Ақ Құман жүр жүзіп.Аққу
Көл бетінде қалқиды,
Мақта сынды үйілген.
Үні әсем сан қилы,
Мойны да әйбат иілген,
Мамығын ол тарайды,
Маңғаздана қарайды.Аққу
Сайрайды бір талмайды,
Әнші құс бал таңдайлы.Бұлбұл
Жайнаған бақтың әншісі,
Тамсанған оған сан кісі.Бұлбұл
Ағаш басында,
Тас арасында,
Әр алуан қуыста
Түндіксіз отау.Ұя
Тал басында түндіксіз отау.Ұя
Құрықсыз тұлпар ұстадым,
Кеште құр-құрлап.Кеште тауықты ұясына қамау
Күн батса қонақтап қалғыған,
Таң атса жерден жем аңдыған.Тауық
Таңертең қашқан сиыр кеште бұзаулайды.Тауық
Шелектеп құйсаңда су жұқпас.Үйрек
Көлде жүрген көп сиыр,
Жетіп барсаң, жоқ сиыр.Үйрек
Ұзын сирақ, түйе бас,
Жібек жалды қара шаш.
Қарап тұрсаң керуен,
Жасағаны серуен.Тырна
Айтайын бір жұмбақты саған нұсқап,
Басына бөрік киер қара пұшпақ.
Үстіне ақ камзолын киіп алып,
Тұрады екі қолын артына ұстап.Ала қарға
Балпаң-балпаң басады,
Адамнан қатты сасады.
Саусақтары салалы,
Қыста жылыға қашады.Қаз
Ай астында жортқан,
Күн астында жортқан,
Күміс сырнай тартқан.Қаз, қу
Қызыл жыңғыл түбінде,
Қыздай болып отырмын.
Беті-қолымды жуып алып,
Мұздай болып отырмын.Қырғауыл
Тұмсығымен ояды,
Ұя салып қояды.
Табыңдаршы, балалар,
Ол қандай құс болады?Тоқылдақ
Аққу емес, мойны ұзын,
Тырна да емес, сирақты.
Аулайды балық күн ұзын,
Түсіреді еске жирафты.Балықшы құс
Сөйлесе сөзді,
Айтса ауызды,
Тынысы басқа,
Маңдайы қасқа.Тоты құс
Меңгіл-меңгіл, меңгілше,
Меңгілде бар тарғылша.
Желіп кетсе жеткізбес,
Жерге түссе табылмас.Бөдене
Тал басында ағаш үй,
Терезесіз тамаша үй.
Соны мекен етеді,
Қыста алысқа кетеді.Қара торғай
Даланың көріп пе едің молдаларын,
Тыңдаңыз ол сорлының айтқан зарын.
Жиылып бір араға ойбайлайды,
Кез келген дүниеге ол бір жарым.Торғай
Қайталап атымды,
Көктемде ән саламын.
Кез келген ұяға,
Жұмыртқа табамын.Көкек
Мысық бастан,
Жапалақ түстен.Үкі
Бір құс бар үлпілдеген жүні жұмсақ,
Тұяғы бейне болат алмас пышақ.
Тұмсығы имек, көрмейді күндіз көзі,
Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады.Үкі
Күндіз ұшпас,
Түнде ұшар,
Құс қанатты,
Тышқан суретті.Жарқанат
Жар басында жарбиған,
Құлақтары қалбиған.
Тышқан, құс аңдып жүреді,
Бұл құсты кім табады?Жарқанат
Күндіз жоқ,
Түнде бар.Жарқанат
Әкесі тышқан,
Шешесі құстан.Жарқанат
Бар екен бір мақұлық шағын ғана,
Мекені күндіз оның биік жарда.
Ұшпайды ол мақұлық күндіз тіпті,
Ұшады кешке таман күн батқанда.Жарқанат
Бір құс бар жан білмейтін ішкен асын,
Адамға көрсетпейді жұмыртқасын.Жарқанат
Бір мақұлық түспейді екен мұнарадан,
Бір күнде тағам татар әр қарадан.
Басында қара жылтыр кепесі бар,
Белінде белбеуі бар күлпарадан.Сауысқан
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі