Бұл бетте табиғат құбылыстары мен қоршаған ортаға қатысты жұмбақтар ұсынылған. Сұрақтар арқылы табиғатты түсіну және бақылау қабілеті дамиды.
Түнде сөнемін,
Таңертең қайтып келемін.Күн
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Күмбірлетіп тау ішін,
Қайталанды дауысым.Жаңғырық
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Дауысынды қайталап жырақта,
Айнытпай жеткізер құлаққа.Жаңғырық
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Айтқаныңды айнытпайды,
Қайталайды өзіне.
Тіл қатқанмен қаймықпай,
Көрінбейді көзіне.Жаңғырық
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Төгiлiп жерге ақ моншақ,
Ғайып болды сол шақта-ақ.Бұршақ
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
1 ағаштың 12 бұтағы бар, әр бұтағында отыздан жапырағы бар, жапырақтың 1 жағы ақ, 1 жағы қара?Жыл, ай, күн мен түн
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық бопКүн
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ағайынды бəрi:
Шықса – көк,
Түссе – сары.Жапырақтар
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Күндіз бар да, түнде жоқ,
Онсыз өмір мүлде жоқ.Күн
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ғажап көпір аспалы
Айшықтап тұр аспанды.Кемпірқосақ
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Төбедегі сылдырмақ
Төмен түсті құлдырап.
Сылдыр-сылдыр сылдырмақ
Сынып қалды сыңғырап.Сүңгі
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көкте туып,
Жерде өледі.Жаңбыр
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бұлт ішінде бурыл ат кісінейді.Күннің күркіреуі
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Будақ түтін түсі аппақ,
Көк жүзіне тұзақтап.
Қойғандай-ақ жылжымай
Тауды өбеді құшақтап.Ақша бұлт
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бірде селбір жабағы,
Бірде теңбіл жабағы.Бұлт
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жүретұғын жолы жоқ.
Мінезі де жеңілтек,
Тіл алмайтын бір тентек,
Шөпшілердің шөбін шашты,
Қалпағымды ала қашты.Жел
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ақ шапанын үстінен
Алты ай бойы шешпеді.
Қара шапаны үстінен
Алты ай бойы түспейді.Қысқы ақ қар, жазғы қара жер
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бөркін ағай киеді ошырайтып.Томарға түскен қар
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ақ сиыр туып кетер,
Қара сиыр жатып қалар.Қардың кетуі
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қарағайсыз, тақтасыз,
Көпір салдым балтасыз.Мұз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Адам тимей қағанағым жарылды.Мұз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Суда жаралады,
Суда жоғалады.Мұз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қасқанасы қылтылдап,
Көз қарасы жылтылдап.
Ұзын-ұзын ұз келер,
Ұзын бойлы қыз келер.Ағынды су
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Дедектейді, зырлайды,
Артқа мойын бұрмайды.Өзен
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Күлің, күлің, күлің ат,
Күліп өтті, көрдің бе?
Көлеңкесін көрсетпей
Жүріп өтті, көрдің бе?Өзен
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Өркешіне мұз артқан,
Шудасынан су аққан,
Мынау неткен қара нар,
Күншіліктен мұратқан?Тау
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Аппақ жолға қараймыз тамсанып,
Сүтін төгіп кеткен кім, жол салып?Ққс жолы
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жеті ағам жерге түспейді.Жеті қарақшы
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Мен тұрып бір таяқты қолыма алдым,
Ішіне қошқыл қызыл бояу салдым.
Қызарып сол бояудан шыққан таяқ,
Ұрғанда созылады қайран қалдым.Темір
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Әне барды өзі,
Көрінбейді ізі.Жел
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ақ сиыр тұрып кетер,
Қара сиыр жатып қалар.Қардың еруі
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Төгілген жерге ақ моншақ,
Ғайып болды сол шақта-ақ.Бұршақ
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қыс жатады, жаз тұрады,
Жоқ болса да қол-аяқ қаз тұрады.Қар
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қуып едім мойын бұрмады,
Ұстайын деп едім қолға тұрмады.Боран
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Өнері жоқ, қолы жоқ,
Сурет салуды біледі.Терезедегі қырау
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Кетпейді қасымнан
Сипайды шашымнан.
Желпиді, өбеді,
Бетіме төнеді.
Емес ол жырақта
Көрінбес бірақ та.Самал
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ауыл сыртында сайда,
Жатыр үлкен айна.Көл
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ақ жылан аяғы да, көзі де жоқ,
Сөйлеген не бір ауыз сөзі де жоқ,
Тоқтамай қысы-жазы жүре берер,
Бір сәтке аялдайтын жері де жоқ.Су
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Аспанға ұшар бу болып,
Жерге қайтар су болып.Бұлт
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көзі жасты,
Тұра қашты.Бұлт
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі