Өзі бел астында,
Көзі жер астында.Бұлақ
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Аты да көк,
Заты да көк.Аспан
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қиналмай тауларды, орманды,
Теңізді, дария, жондарды,
Ауылды, қаланы, халықты...,
Ойлап тап, көтерген алыпты.Жер
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.Күн
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көзіңе көрінбейді,
Қаңғуға ерінбейді.
Шалғынды жапырады,
Жол бойын сыпырады.
Жел
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді.Су
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен оны.
Аққала
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Үй үстінде алтын тас,
Алайын десем табылмас.Жұлдыз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады.Аяз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ақ түсті,
Көк түсті,
От түсті,
Тот түсті-
Төрт түсті жер үсті.
қыс, көктем, жаз, күз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі