Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 13-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Көлемі бірдей болған 8 доптың жетеуінің салмағы бірдей, ал біреуі басқаларынан ауырырақ. Күйентелі таразымен (екі жақта табағы бар таразы) екі рет өлшеп ауыр болған допты таба аласыз ба?Доптар 3, 3 және 2 етіліп үш топқа бөлінеді. Алдымен 3-еу болған топтар жеке-жеке таразыға қойылып тартылады.
А) Тең болса, ауыр болған доп 2-еулік топта
Б) Біреуі ауыр болса, сол топта болғаны мәлім болады.
Әр екі жағдайда да, ауыр допты табу үшін тағы да бір бір доптан тартып көреді.
Қарайып ұшқанымен қарға емес,
Ін қазғанмен түлкі емес.
Арқасында боқшасы,
Жинағанмен мүлкі емес.Қара қоңыз
Бір палуан өзі күшті, қайраты мол,
Өзінен үлкен затты көтерер ол.
Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе,
Қайқаңдап аса берер бәрінен де ол.Құмырсқа
Елек-елек тарым бар,
Көтере алсаң бәрін ал.Құмырсқаның илеуі
Кішкентай ғана түйме тас,
Атан түйе тарта алмас.Кене
Тоқыған ауы – шыбынның жауы.Өрмекші
Әуеден ақ-сары құс ән салады,
Келгенде шабытына жан алады.
Өзгеше қылығына қарап тұрсаң,
Дымы жоқ тақыр жерден нәр алады.Сары маса
Көзі бар, қанаты бар балық дене,
Сияқты зор тұлғалы алып кеме.Кит
Бір мақұлық бар екен төрт аяқты,
Тағыпты арқасына мың таяқты.
Ашуланса, аяқ-қолын көрсетпейді,
Көресің көзің салсаң ғажайыпты.Кірпі
Дене мен аяқ-қол жоқ, құйрық пен бас,
Бұрыннан жан-жәндікке ойлаған қас.
Бес-алты ай демалыста күн көреді,
Оншалық керек етіп жемейді ас.Жылан
Екi ұшы бұлдырақтай,
Ортасы қылдырықтай.Құмырсқа
Бiреуге найза түйрейдi,
Содан-ақ өзi күйрейдi.Маса, сона
Буда, буда, буда жүн,
Будаланған шуда жүн.
Сыдырып қойған сұр таспа,
Қоңыр шолақ құнажын.Тышқан
Жел-жел бием, жел бием,
Желiндесе кiм бiлер?
Жау жапырақ түбiнде
Құлындаса кiм бiлер.Балық
Сап-сары болған түрі бар,
Шақылдаған үні бар,
Жер астында тынығар.Саршұнақ
Қырдан қырайман көрдім,
Судан сүлеймен көрдім.
Қайырылып тұрған тас көрдім,
Тұзсыз піскен ас көрдім.Диірмен, балық, қауын
Көзін жұмады,
Көзін ашады.
Сыбысын білдірмей,
Ақырын басады.Мысық
Төрт аяқты шалғы
Орып кетер малды.Қасқыр
Келеді бір перизат итке мінген,
Таяғын итке мініп итпелеген,
Артында ағараңдар ешкісі бар,
Ешкісін итке мініп жетелеген.Қоян
Бұлаңдаған құйрығы –
Бір алдарлық қулығы.Түлкі
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі