Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 14-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Қорықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан.Піл
Топырақ желді мініп, желді айдайды,
Болғанда түске жақын көлге айдайды.
Тамшыны жерден тамған керек қылып,
Топырақ өз-өзінен айқайлайды.Жер – жылқы, тамшы – қымыз
Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.Серке
Жамауы бар тігінсіз.
Киімі қалың жамылар.
Жыртығы жоқ, еш мінсіз,
Ала-құла тоны бар.Ала мал
Даусы азанда,
Жақсылығы қазанда.Бұзаулы сиырдың мөңірегені
Бiр тұтам, екi тұтам
Басы айыр жүндi тұтам.Сирақ, бақайшақ
Жездекем бастап барады,
Жез түймесiн тастап барады.Жылқының тезектері
Айтарын айт дегенде, ая батыр,
Болғанда асты гауһар, үсті шатыр.
Қазандай қара тастың дәл түбінде,
Бір түрлі адам таппас зәһар жатыр.Малдың өті
Ұзын сабалақ есiк ашты,
Қара домалақ тұра қашты.Түйенің құмалағы
Дүниеде ағаш бар бек жайлаған,
Жанына адам барса ойбайлаған,
Ағаштың адам білер мінезі бар,
Мінгесіп екі бала той-тойлаған.Түйе және оның өркеші
Өреді қайраңдап,
Келеді байпаңдап.
Қарғып түсіп өзенге,
Малтиды тайқаңдап.Қаз
Қық-қық етеді,
Кезіп жүріп көшені.
Жата қалса орнына,
Ақ доп тастап кетеді.Тауық
Судан шықса баладай,
Тәй-тәй басып қалады-ай.Қаз
Қанаты бар,
Қауырсыны жоқ.Жарқанат
Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды,
Көзі шамға ұқсайды.Жапалақ
Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады.Жұмыртқа
Аяғы түйеге ұқсайды,
Құс болса да ұшпайды.Түйеқұс
Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды.
Өсекшіге ұқсап,
Құйрығы ұзын, ала.
Бұл қандай құс, бала?Сауысқан
Сөз үйретсең қайталайды,
Өздігінен айта алмайды.Тоты
Күндегі тамағы –
Балықтың шабағы.
Теңізге барғандар,
Жағадан табады.Шағала
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі