Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 19-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Жаһанда бір құс көрдім жалғыз аяқ,
Аузына тістегені темір таяқ.
Бір ұрсаң шапалақпен семіреді,
Белбеуі бар белінде жалғыз қабат.Ұршық
Дүниеде аты мәшһүр болған қымбат,
Ықшамды әдемілік сондай сымбат.
Мақсатың көңілдегі табылады,
Адамзат зор санайды етіп құрмет.Ақша
Бір атадан туыпты жиырма тоғыз баласы,
Бірлігінде бұлардың, ешкімнің жоқ таласы,
Бірігіп жүріп іс қылар, өзің ойлап қарашы.Жиырма тоғыз әріп
Қаздар бар жиырма тоғыз бірге туған,
Әлемнің былық басқан бетін жуған.
Қор болмайды, өмірде кем болмайды,
Туа салып анадан соны қуған.Жиырма тоғыз әріп
Жансызға жиырма тоғыз* болдым таныс,
Тамаша бір жүйрікпен қылдым жарыс.
Жансыз тұрып, жандының себебімен,
Аяғын басады екен шәркем шалыс.Жиырма тоғыз әріп
Бойлаған сайын тереңге,
Шығасың биік белеңге.Білім
Судан шығады,
Судан қорқады.Тұз
Мыжғылаймын – жаны жоқ,
Кескілеймін – қаны жоқ.Қамыр
Жер баспайтын аяғы,
Апамның ақ таяғы.
Жұдырықтай қамырды,
Жаулықтай ғып жаяды.Оқтау
Өзі кірден арылмас,
Ізінен кір табылмас.Сыпырғыш
Өзі жаңа,
Өзі тесік.Елеуіш
Кесе-кесе мұқалды,
Жони-жони жұқарды.Пышақ
Жайсам жамшыдай,
Жисам қамшыдай.Шымылдық
Қысы-жазы үйде тұрады,
Өзі мұзға ұқсайды.
Бетінде сәулесі бар,
Бұл жұмбағым кімге ұнайды.Айна
Екі егіз қарсы келді,
Арасына көк мұз түсе берді,
Біреуі жанды, біреуі жансыз.Айна
Керемет бір ит бар,
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді,
Көмейіне тықсаң сөйлейді,
Тілін адам біледі.
Рұқсатсыз ол иттен
Адам үйге кірмейді.Құлып
Әуелде шөп едім,
Жерде өскен көк едім.
Қолға түсіп қиылдым,
Он жерімнен буылдым.Ши
Өз елімде жеке едім,
Желкілдеген бек едім.
Мұнда келіп сайландым,
Қырық жерден байландым.Тоқылған ши
Бір нәрсе өзі білік, іші қуыс,
Ол заттың сүйегі көп айқыш-ұйқыш.
Көзі бар жарқыраған төбесінде,
Жайса үлкен, жиналғанда бір-ақ уыс.Киіз үй
Ауп дедім,
Ептедім,
Септедім,
Қара жерді түптедім.Киіз үй
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі