Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 22-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Қанаты бар, ұшпайды,
Адам қолда ұстайды.Асыранды қаз
Жұмсақ,
Бірақ, металл.
Сызсақ,
Тырнақ батар.Қорғасын
Ағайынды он батыр,
Екі айыр жолда тұр.Екі яқ, он башпай
Көкте ұшады тізіліп,
Жұрт қарайды қызығып.Тырналар
Түнеріп келіп,
Гүл егіп кетеді.Жаңбыр
Сырты қызыл, іші ақ,
Қалады ерте пісіп-ақ.Шалқан
Қатты тас.
Ортасында –
Тәтті ас.Жаңғақ
Аяғы жоқ, басы бар,
Іліп алған асы бар.
Тиген кезде қолыңа,
Аузыңа тез асығар.Қасық
Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең – уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады:
Ірімшік, май, құртың да.Сүт
Қыр үстінде қолшатыр,
Асқа айналған сол батыр.Қозықұйрық
Жайсаң – саяң,
Жисаң – таяқ.Қолшатыр
Киіміңнің,
Бұйымыңның
Жатқызады тігісін,
Жатқызады қыртысын.
Үтік
Өзі жып етеді,
Ізімен жіп өтеді.Ине-жіп
Көктемде ол бір еді,
Күзде мың боп түледі.Дән
Беретұғын балы бар,
Шағып алса – зәрі бар.Бал арасы
Бір зат бар тілі жоқ,
Ал, сөзінде міні жоқ.Хат
Көмір шайнап,
Темір құсады.
Домна пеші
Бір ұяда топтасқан,
Түртіп қалсаң, от шашқан.Шырпы
Жандылардың ірісі,
Тек мұхитта тынысы.Кит
Ұшағым бар кіші,
Мінбейді еш кісі.Инелік
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі