Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 24-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Тегі – тышқан.
Өзі – құстан.
Күндіз ұйықтап,
Түнде ұшқан.Жарқанат
Таңертең де, түсте де
Күнге бетін бұрады.
Тостағанын кішкене
Тосады да тұрады.Күнбағыс
Төбеде қос қалқаным,
Әлемнен үн тартамын.Құлақ
Елдің сүйер егісі,
Жер астында жемісі.
Картоп
Жаңбыр жоқта бұғады,
Жаңбыр жауса шығады.
Жауынқұрт
Көктемде бір еді.
Күзде мың боп түледі.
Дән
Төбесінде шашағы,
Кеудесінде масағы.
Жүгері
Іші қызыл, сырты көк,
Ала жаздай үрдім доп.
Қарбыз
Толып жатқан тісі бар,
Ағашпенен ісі бар.Ара
Кәрілікке таядым,
Үшеу болды аяғым.
Қол таяқ
Қартайғанда дерт қонды,
Eкi көзім төрт болды.
Көзілдірік
Оймақтай қос көл жатыр,
Ортасында бел жатыр.
Көз бен мұрын
Екі аяқты желаяқ,
Артсаң болды сен аяқ,
Жетем деген жеріңе
Жеткізеді оңай-ақ.Велосипед
Көрінбей-ақ көзіңе,
Күш танытар өзіңе.
Шайқап шарбақ, тал-бақты,
Зыр жүгіртер қанбақты.Жел
Екі жақты,
Екі сапты.
Барлық затты
Тістер қатты.
Қысқаш
Kөмip шайнап,
Teмip құсады.
Домна пеші
Жүзімен шабады,
Шүйдесімен соғады.Балта
Шаңға толған шанағы,
Қоқыр-соқыр – тамағы.Шаңсорғыш
Бip ұяда топтасқан,
Түртіп қалсаң, от шашқан.Шырпы
Бары-жоғын білмейсің,
Онысыз өмip сүрмейсің.Ауа
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі