Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 28-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Мұрнын басса, жабыла сап,
Ернін басса, ашылады,
Ол жоқ жерде, бақыласақ,
Жеті аспабың шашылады.Сумка
Әрі итерсең аунайды,
Бері итерсең аунайды.
Түрі-түсі түгелдей
Анасынан аумайды.Глобус
Жез қораның ішінде
Темір құлын кісінеп,
Қайта келіп ісіне
Кіріседі кісі көп.Қоңырау
Есігі бар төбесінде,
Отырасың келесің де.Парта
Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан еледі.Қарындаш
Жоқ өзінде бас та,
Қас та,
Мойын да.
Ұзындығы жазулы тұр бойында.Сызғыш
Құдығымды қапқа салып,
Бірге өзіммен жүрем алып.
Сәйгүлігім әлсін-әлсін
Су ішеді аузын малып.
Сиясауыт
Білерімнің куәсі,
Білмесімнің куәсі.
Іші толған қолтаңба,
Алып шығам әр таңда.Күнделік
Қалтамда өмір сүреді,
Қанға толы жүрегі.
Аяғынан тұрмайды,
Төбесімен жүреді.Автоқалам
Жылжытады алға бізді,
Жылжымайды бірақ өзі.Класс
Жылжымалы жақ,
Бұлжымалы жақ.
Оңға бұрап бақ,
Солға бұрап бақ —
Үлкенге де шақ,
Кішіге де шақ.Универсал кілт
Иығына ал шығып,
Тұмсығынан шаншылып,
Күндіз қазып, түн қазып,
Берсін талай ін қазып.Бұрғы
Жеген асы шығады желкесінен.Сүргі
Төбесінде өмір бақи төбелес,
Төзіміне оның ешкім тең емес.Темір төс
Екі езуі құлағына жетеді.
Тамақ жесе ызың-ызың етеді.Ара
Жалпақ желке, сопақ бетті
Орманымды отап кетті.Балта
Сыңар құлақ батыр
Шылым тістеп жатыр.Іскенже
Ағаш арық, тұйық арық:
Жылқылар жүр жиі барып.Науа
Жылға дер ем — ақпайды,
Жылан дер ем — шақпайды.Арқан
Көліксіз өмір сүрмейді,
Ғұмыры жаяу жүрмейді.Ер-тоқым
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі