Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 58-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Шаңы жоқтан шаң шығады.Диірмен
Қараңғы үйде қабан күркірейді.Диірмен
Аждаһа дию көрдім аузын ашқан,
Келгенде жем жерінде қарсыласқан,
Мінеді ағаш атқа темір қамшы,
Көр қазір қатты жүрсе тозаң шашқанДиірмен
Ұзын-ұзын қос таяқ,
Өрмелейміз ұстап ап,
Келте-келте көп таяқ.Саты
Өзінің жалғыз аузы бар,
Лебімен от шайнайды,
Гүрілдеп демін алғанда
Алтын ұшқын ойнайды.
Ағаштан күйген ас жейді,
Адамның қолы тигенде
Еңсеріле дем алып,
Кезек-кезек үрпейді.Көрік
Бар екен бір айдаһар аузын ашқан,
Көргенде адам пенде заһар шашқан.
Кетеді ашуланса таудай болып,
Қайнатып қара тасты ашу басқан.Көрік
Жалғыз тіс, екі қолы, қос құлағы,
Бар екен барлығының ынтымағы,
Иесі ашуланып айдаса оны,
Бұрқырап бөтен жерден жол салады.Бұрғы
Керегенің басында кетпен құйрық,
Кесіп алса таусылмас кепкен құйрық.
Қайрақ
Бір қарыс қана бойы бар,
Әр нәрсеге айналса,
Аламын деген ойы бар.
Тізіліп тұрған тісі бар,
Бір ағаш бар мұртында,
Тістің бәрі сыртында.Егеу
Екі адам аға-іні, ағайынды,
Бірі үлкен, бірі кіші бар айыбы,
Дос-жаран ағасы ұстап, інісі ұрып,
Қанын шашты, айтбады қояйын да.Төс, балға, қызған темір
Базардан сатып алған боз арғымақ,
Белінде тартпасы бар будақ-будақ,
Басын артып, шылауын тартып қалсаң,
Кетеді жануарым зулап-зулап.Шарық
Қу тізе қу ағашқа құндақтаймын,
Аузымда сегіз тісім жылмақтаймын,
Бірін мініп, біреуін қыстап алып,
Үстінде анда-мында ырғақтаймын.Талқы
Үй артында жауыр бұқа.Тез
Тәует бауыр,
Бота тірсек.Тез
Үй артында бүкір терек,
Күресуге кісі керек.Тез
Болғанда жалпақ табан, жалғыз тісі,
Қолында адамзаттың барлық күші,
Үстінен бірер қабат жүріп кетсе,
Нәрсенің астындағы кірер түсі.Сүргі
Ыстықты да ұстайды,
Суықты да ұстайды,
Егер бұйрық болмаса,
Еш нәрсені қыспайды.Қысқаш, кемпірауыз
Тістегені түспейді,
Отқа салсаң піспейді.Қысқаш, кемпірауыз
Кішкене ғана келіншек,
Төбесінде түйіншек.Шеге
Жансыз жарады,
Жанды ұрады.Балта
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі