Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 6-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Алты қырлы,
Бiр сырлы.Қарындаш
Көлбең-көлбең етеді,
Гүлден ұшып жетеді.
Гүл шырынын сорады,
Соған риза болады.Көбелек
Ас көрсе-ақ жалайды,
Содан ауру тарайды.Шыбын
Тық-тық ұрып
Шегесін қадап,
Мезгілді саған
Айтады санап.Сағат
Қыпша белді,
Қыбыр жүрісті.
Тыным алмайды,
Тындырмай жұмысты.Құмырысқа
Төркінін танысаң,
Жақ аштырмайды.
Танымасаң жарастырмайды.Сөз
Сені қуантып,
Ақ нұрға шылап,
Өзі күйініп,
Тұрады жылап.Майшам
Айғағы жоқ,
Айтары көп
Айтқанынан
Қайтары жоқ.Кітап
Жасыл желекті,
Жүзін жел өпті.
Көктемнің құшағына құлап
Тұрады қуанғаннан жылап.Қайың
Сыздардай сымбатты
Көңіліңді бұрады.
Күнмен тілдесіп
Ән салып тұрады.Қарағай
Құс емес,
Бірақ әндетіп ұшады.
Өзіңді көрсе,
Құшақтап қысады.
Тістеп сүйеді, жаның күйеді.
Бітпей егесің
Қанын төгесің.Маса
Дауысы жоқ, тілі жоқ.
Сөйлеп кетсе, міні жоқ.Кітап
Біз едік, біз едік,
Отыз екі қыз едік.
Қатар-қатар тізілдік,
Кезек-кезек үзілдік.Тіс
Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тіліжоқ, өзіжоқ.
Бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар.Тарақ
Дымқылдап күнде сен,
қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір-ласың,
Тап-тазаболасың.Сабын
Тақылдатып таңдайын,
Егінді тез жалмайды.
Дәнін беріп тазалап,
Өзі түкте алмайды.Комбайн
Гүрілдеп жүреді,
Жердің бетін сүреді.Трактор
Мініп алып самғайтын
Қыраным бар талмайтын.Ұшақ
Ақ шатырлы бір қала,
Суда жүзіп, жүр дара.Кеме
Дәрігер 3 дәрі беріп мұны жарты сағат сайын ішу керектігін айтады. Осы үш дәріні ішіп бітіруге қанша уақыт кетеді?1,5 сағат десеңіз қателесесіз. Бірінші дәріні ішкен соң жарты сағаттан кейін екіншісін, тағы жарты сағаттан кейін үшіншісін ішкенде, 1 сағаттық уақыт кетеді.
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі