Жұмбақтар жинағы – 61-бет

Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.

Бұл 61-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.

Ең көп қаралған жұмбақтар


Адам кірсе ашылады,
Сыртқа шықса жабылады.

Есік


Дүниеде бір нәрсе бар өзі жансыз,
Жоқ оны ұрмайтұғын адамзатта.

Есік


Ерте тұрдым,
Алып ұрдым.

Етік


Ұзын, ұзын, ұздар-ай,
Ұзын бойлы қыздар-ай.
Бізді құдай айдады,
Белімізден байлады,
Тірідей сорым қайнады.

Ши


Баяғыда бай едім,
Ақ сақалды шал едім.
Мұнда келіп сондай болдым,
Қысылған қындай болдым.

Ши


Мен елімде дегендім,
Жирен атты бек едім,
Елімнен келіп мұндай болдым,
Белімді байлаған құлдай болдым,
Тонымды жырттырдым,
Сақалымды қырықтырдым.

Ши


Әуелінде шөп едім,
Жерге өскен көк едім.
Қолға түстім, ойылдым,
Он жерімнен буылдым.

Ши


Өз елімде бек едім,
Желкілдеген жек едім.
Келдім де қыспаққа түстім,
Отыз екі тұзаққа түстім.

Тоқыған ши


Үй үстінде төрт шыбық,
Төртеуі де тең шыбық.

Түндіктің төрт бауы


Ана ауылдың қойларының бәрі ала аяқ.

Уық бау


Үй айнала қан төктім.

Басқұр


Ала күшік үй айнала жүгіреді,
Екі басы ішке кіреді.

Басқұр


Үйде бір жұдырық,
Сыртта бір жұдырық.

Керегенің көгі


Артыңда әкең жұдырығын түйіп тұр.

Керегенің көгі


Үйдің іші толған мыс кене.

Керегенің көгі


Былайғы елдің баласы
Ашамайын мініп тұр.

Керегенің басындағы уық


Жетпіс кемпір жер тістеп жатыр,
Алпыс кемпір ат байлап жатыр.

Кереге мен уықтар


Жүз жігіт жер тіреп жатыр.

Кереге


Алпыс атым ала аяқ,
Жетпіс атым жел аяқ.

Кереге


Ай құшақ,
Ай құшақ,
Жиылып келсем-бір құшақ.

Кереге

Жұмбақтар жауабымен туралы

Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмбақтар жауабымен деген не?

Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.

Жұмбақтар жауабымен кімдерге арналған?

Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.

Жұмбақтарды жауабымен қайдан оқуға болады?

Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.

Жұмбақ бөлімдері мен түрлері

Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.