Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 7-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Әкесі баласынан сабақтың тапсырмаларын сұрап, әр дұрыс жауап бергені үшін 8 теңге, ал әр қате жауабы үшін 5 теңге кері алуда. 26-шы сұраққа келгенде, ешкімнің берешегі, алашағы қалмай, 0-ге, яғни бастапқы қалпына түседі. Бала қанша сұраққа дұрыс жауап берді?10
Ахметтің әкесінің 6 ұлы бар 1) Ержан, 2) Нұржан, 3) Ерлан, 4) Нұрлан, 5) Ербол, 6) ?.. Алтыншы ұлының есімі кім?Ахмет
Күндіз бар да, түнде жоқ,
Онсыз өмір мүлде жоқ.Күн
Үй ішінде – бөлме,
Бөлме іші – көлде,
Түрлі ұсақ балық
Жүзді сайран салып.Аквариум
Бұралса болды құлағы,
Уақытты қуады.Сағат
Жанды мотор сынбайды,
Күні-түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін
Дәрігер де тыңдайды.Жүрек
Қабырғасы шойыннан,
Омыртқасы шойыннан
Жылыту үшін бөлмені
Үй ішіне қойылған.Жылу батареясы
Көннен түбі, қақпағы,
Қаудырай ма, нетеді?
Екі жеңіл тоқпағы
Ербең-ербең етеді.Барабан
Ас бөлмеде тұрағы,
Алған демі суық-ақ.
Ішін тартып тұрады
Ішек-қарны шұрылдап.Тоңазытқыш
Бұлт емес, жел емес, –
Бұлттан бір кем емес:
Төгіп өтсе нөсерді,
Егін жайнап өседі.Жаңбырлатқыш
Ғажап көпір аспалы
Айшықтап тұр аспанды.Кемпірқосақ
Еңбегі бапты,
Емгені тәтті.
Өмірлік нәрін
Гүлдерден тапты.Бал арасы
Жолдардың торабын,
Абайлап қарағын,
Әйгілеп үш сөзді,
Бір дәу тұр үш көзді.
Оған жас-кәріміз –
Бағындық бәріміз.Бағдаршам
Сымға жалғанып,
Сыммен бойлайды:
Ол келсе шам жанып,
Үй іші жайнайды.Электр тогы
Тұмсығы – қалақ,
Тұрмайды қарап:
Тау-тасты қопарады,
Бұл не деп аталады?Бульдозер
Темір сирақты
Алып жирафты
Бәрі біледі,
Үй сап береді.Көтергіш кран
Жалы – темір,
Жолы – темір
Темір атты
Зымыраттым.Трамвай
Төбедегі сылдырмақ
Төмен түсті құлдырап.
Сылдыр-сылдыр сылдырмақ
Сынып қалды сыңғырап.Сүңгі
Жүргіздім бұл үйімді,
Жүйткісе, жұрт сүйінді:
Бар жолмен жұртты тасып жүр,
Жылдамдыққа басып жүр.Автобус
Самұрық құс самғады.
Көктен өтіп,
Айға жетіп,
Жеңілдеді салмағы.Космос кораблі
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі