Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 8-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
«А» мен «қ»-ның арасы,
Бір-ақ әріп, санашы!
Онсыз аттап жүре алмас,
Адамзаттың баласы.Аяқ
Балада бар,
Данада жоқ.
Бабада бар,
Ағада жоқ.Б
Саңлақта бар,
Салмақта жоқ.
Қаңбақта бар,
Қалмақта жоқ.Ң
Нарда бар,
Малда жоқ.
Нанда бар,
Қарда жоқ.Н
Басы «ш» мен басталып,
Жалғанады «е» менен.
Қайталасаң осыны,
Болар сенің неменең?Шеше
Басы да «а», соңы да «а»,
Оқығандар ұғады.
Ортасына не қоссаң,
Ата болып шығады?Т
Айдын суда жалтыр,
Құлаштап жүзіп малтыр.Жүзгіш
Аузында ауы бар,
Суда жүзеді.
Балық сүзеді,
Бұл қандай құс?
Тауып ал!Бірқазан
Қара үңгірде қара тас,
Жанғанда бетті қаратпас.Көмір
Үш кіші ішік піштім,
Бес үлкен ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім?3 кіші ішік піштім
Он көзі бар өзінде,
Он саны бар көзінде.
Көзіне саусақ саласың,
Жырақтан хабар аласың.Бұрамасы бар телефон
Көлемді, үлкен, алып аузын ашып,
Жүреді он екі аяқ қадам басып.
Әр бірінде отыздан бармағы бар,
Құтылмас ешбір адам одан қашып.Жыл, он екі ай
Екі тышқан бірлесіп кесіп-пішіп береді,
Екеуі бірге жүрмесе,жоқ қой бізге керегі.Қайшы
Мирас қылған атадан
Баптап жылқы тел төлін,
Бабам қалай атаған
Аттың бұла «тентегін»?Асау
Мекені қыр, тау-шыңдар,
Арқарлардың қошқарын
Айтып берер қайсың бар
Қане, зерек, достарым?Құлжа
Барлығын да бабалар
Өз атымен атапты.
Қайсың барсың таба алар
Сөз төркіні мақатты?Аюдың еркегі
Жылы, теңбіл ішігі,
Сүп-сүйкімді пішімі,
Айтшы қалай аталар
Ақбарыстың күшігі?Алан
Таудың басын жайлаған,
Құйқылжыта сайраған
Құс төресін киелі
Айтып берер қай балаң?Ұлар
Ертегі көп ол жайлы,
Жүрген жерін алдайды.
Қатысы бар ал оған
Білесің бе Мыржайды?Түлкінің баласы
Көлге жұпсыз қонбаған,
Әнін сүйер иен далам
Аққу құстың баласын
Атап берші сен маған.Көгілдір
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі