Ақ сандық айналадан тауып алдым,
Ішінде не бар, не жоқ таба алмадым.Жұмыртқа
Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Күрең қызыл түсі бар,
Тағамдардың асылы,
Қуат берер күші бар.Таба нан
Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Қалпақты жымырады,
Төбесінен ұрады,
Түзетуге қыңырды,
Дәйім дайын тұрады.
Балға
Бір қыры- балта,
Бір қыры –балға.
Ағашты шапқан,
Шегені қаққан.
Шаппа шот
Азулы хайуан- темір ер,
Әндетіп сүйек кемірер.
Ағаш кескіш ара
Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады.
Жаңбыр
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қабат-қабат киінген
Төбеден шашы түйілген.
Жеп көріп едім өзінен
Жас шығарды көзімнен.
Пияз
Тоңғақты таниды,
Беті — қолын қариды.Аяз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Таусылмайтын ақ мақта,
Қысы — жазы тау жақта.Қар
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
![]()
Панданы табыңыздар.Жауабы жақында болады. Пікірге жазыңыздар)
Санаты: Cуретті жұмбақтар
![]()
Математикалық әрі логикалық есеп. Ойланып, тауып көріңіздер)Жауабы: 1
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Көзге көрінгенмен,
Ұстасақ қолға тимейді.Бу
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Өзі судан жаралған,
Бірақ судан қорқады.Мұз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жылт – жылт етеді
Жылғалардан өтеді
Су
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Мен сұйықпын да, мұзбын да,
Тамшысымын жаңбырдың.
Оюланған қыраумын,
Жылымын да, салқынмын.
Шөлдесең кеуіп кенегең,
Мейіріңді қандырдым.
Сыйлаймын мен тазалық,
Рақат беріп денеңе,
Айта қойшы бұл не?Су
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қамыс құлақ,
Тостаған тұяқ
Мінсең – қанат
Сүті – дәрі,
Еті – тамақ.Жылқы
Айран берген, құрт берген,
Шелек-шелек сүт берген,
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қандай мал, кім білген?Сиыр
Тілі былдыр, үні сылдыр.Жаңбыр
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бүріп қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай.Әтеш
Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ.Қарға
Ізі бар, адымы жоқ аяғының,
Тимейді ұшы жерге таяғының.
Хайуанға екі аяғын арта салып,
Келеді әнін шырқап баяғының.Арба, дөңгелек, дәрте, дауыс
Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым.Шаңғы
Темір де, ағаш та емес,
Ыдыс, су құяды.
Шөлдерде қатады ес,
Мол су сияды.Тұлып, мес
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Теріден қуыстап,
Аузына ағаш сап қайыған.
Қарашы дұрыстап,
Іші толған сайман.Талыс
Төрт сирақты таған,
Төрден орын алған.
Қаншама дүние үстінде,
Күшіне қайран қалам.Жүк аяқ
Қос құлақты ыдыс,
Тоқылады жүннен.
Ақ дәм, азық, дән салып,
Бабалар артып жүрген.Қап, дағар
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Ұзынырақ бақаннан,
Жаңбырлы күні бата алған.
Киіз үйдің қажетті,
Бір мүлігі аталған.Тіреуіш
Үй тігерде керек,
Борандар да тірек.
Айыр тұмсық сұм заттың,
Кім айтады атын?!Бақан
Жүздесесің,
Үлкенге де, кішіге.
Үнсіз күтсең,
Құрметсіздік ісі де.
Құрметіңді сезіндірер кісіге,
Не екенін білесің бе түсіне?!Сәлемдесу
Санаты: Әдеби жұмбақтар
Қара тауды тазалаған,
Сәбилерді мазалаған.
Қия бетті тақырлап боп,
Бүктетіліп тасаланған.Ұстара
Санаты: Үй заттары туралы жұмбақтар
Дөп-дөңгелек қос батпан,
Бірі айланып зыр қаққан.
Қарттардың ең керегін,
Дәннен үгіп беретін,
Бұл не айтшы зерегім ?!Қол диірмен
Сусында да сусын бар,
Отқа түсіп қанығар.
Ақ қатығы тағы бар,
Онсыз басың ауырар.Сүт шәй, қаймақ
Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Бір ыдыс кергіштелген аузы арандай,
Құйған нәрсең өтеді аялдамай.
Тек түбінде қыл-қыбыр…
Қалар ылғай.Сүзгі
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Ә дегенше тап береді,
Тап бергеннен қақ бөледі.Балта
Қос құлақты, жүз тісті,
Жүзінен бір із түсті.
Бір денені екіге,
Бөліп тастар бұл күшті.Ара
Жазда қайрандайды,
Қыста сайрандайды.Шана
«Бөрік» емес десем,
Баста ғана тұрағы.
«Бөрік» дейін десем,
Көзді жауып тұрады.Томаға
Бір денеде үш ін,
Бір інде өткір жұқасы.
Келесі екі қос әлібін –
Сақтайды отағасы.Қын, пышақ, сақпы
Ойға қарай зулайды,
Сенсіз өрге бармайды,
Жетелесең қалмайды.Қол шана
Бір сүйем ғана ұсқыны,
Елпектетер күштіні.
Бір-екі құлаш бауы бар,
Не екенін табыңдар?!Мұрындық, бұйда, бас жіп
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі