Таңертең тұрдым,
Ернімді бұрдым.Түндік
Ұзын-ұзын әулие,
Төбесін құрт жеп қойған,
Тұғыр төбе әулие.Шаңырақ, уық
Әупірім, ала, қара құс,
Үсті-басы тарамыс.Шаңырақ
Өзімді жас қайыңнан кесіп алды,
Белімді неше жерден тесіп алды.
Жемейді көк түтінмен ертелі-кеш,
Шықпаған шыбын жанның несі қалды.Шаңырақ
Әлім-шәлім,
Екі байдың қызы, екі ханым,
Төрт жеңгесі бар екен,
Қызмет қылған немересі.
Бууы-бууы, буы ұзын,
Буыннан да қолы ұзын,
Аба киік терісі,
Алтын қошқар мүйізі.Бау, құр, екі үзік, төрт туырлық, түндік, кереге, уық, киіз, шаңырақ
Алпыс терек,
Адамға керек,
Алпыс теректің бәрі-ұя,
Тұрған жері - қия.Алпыс басты киіз үй
Бір топ құс бір қалбада арқандаулы,
Ол құстың қол-аяғы бәрі баулы.
Ішінде бірақ сұңқар, басшысы бар,
Болыпты сол сұңқарменен бәрі даулы.
Киіз үй, уық, шаңырақ
Дәудің іші өртеніп,
Көзінен бу шықты.От жағылған киіз үй
Айуанға екі қолын артып тұрған,
Белбеуін екі жерден тартып тұрған.
Алдына не тастаса соны жалмай,
Заһарын төбесіне шашып тұрған.Киіз үй
Буын-буын қалтада,
Буы шыққан насыбай.
Мұны тапқан кісінің,
Жүз жиырма жасы бар.
Құлындары құла ала,
Құлақтары кез ала.Киіз үй
Бір құс бар қанат жайса дөп-дөңгелек,
Адамнан ешқашанда жүрмес бөлек.
Ұшса да, қонса-дағы еркі адамда,
Жатасың ыстық болса көлеңкелеп.Киіз үй
Қарыптары каф-дыр білсең оны,
Қанаттары қатар жатар жаны.
Сүйегі толып жатыр пара-пара,
Терісін сыдырып алса, шықпас қаны.Киіз үй
Апан-апанды көрдім,
Жаман шапанды көрдім,
Алпыс аяқтыны көрдім,
Адам жұтқанды көрдім.Киіз үй
Бар екен бір мақұлық қаны қашқан,
Сақылдап адам келсе аузын ашқан.
Болғанда отыз омыртқа, қырық қабырға,
Мұны тапқан адамның ақылы асқан.Киіз үй
Айдалада атамның үлкен тақиясы түсіп қалыпты.Киіз үй
Тұрады жетпіс кемпір жерді басып,
Баласын арқасына арқаласып,
Рахмет ол баланың атасына,
Баласын бағып отыр қолмен басып.Киіз үй
Ол не екен аузы үңгірдей, қырық қолы,
Адамды тірі жұтты көрдік оны.
Терісін сыпырып ал, тамбас қаны,
Сүйегі салдырап тұр, жоқ қой жаны.Киіз үй
Бұғы-бұғы ұзын,
Бұғыдан да бойы ұзын,
Алтын қошқар мүйізі
Аба киік терісі.Киіз үй
Бір нәрсе өзі берік, іші қуыс,
Ол заттың сүйегі көп айқыш-ұйқыш.
Көзі бар жарқыраған төбесінде,
Жайса үлкен, жиналғанда бір-ақ уыс.Киіз үй
Ауып едім,
Ептедім, септедім,
Қара жерді түптедім.Киіз үй
Ұрса жаны шықпайды,
Сойса қаны шықпайды.
Терісін сыдырып алса,
Тырысып-тырысып қалады.Киіз үй
Өзі жүкті,
Сырты түкті.Киіз үй
Дүниеде бір айдаһар білесің бе,
Жаны жоқ қимылдауға денесінде.
Қшінде сүйектері бақша-бақша,
Жарқылдар жалғыз көзі төбесінде.Киіз үй
Қазша қанатын жаяды,
Үйрекше мойнын созады,
Құсша қонады.Ұшақ
Төрт қарны бар,
Бір аузы бар.Үй
Он екі көлді жайлар отыз үйрек,
Он екі аққу бір шетте жүрер бөлек.
Қырық сегіз сол көлдердің ұясы бар,
Адамға қиын болар мұны білмек.Он екі ай,бір айдағы отыз күн, бір жылдағы қырық сегіз жұма
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Жер үстінде бір бәйтерек,
Оның бар он екі бұтағы.
Әрқайсысында отыз жапырақ,
Отызының бір жағы ақ, бір жағы қара.Жыл он екі ай, бір айдағы отыз күн, бір күндегі күн мен түн
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Он екі үйрек, бір сұңқар,
Жағалап ұшып сымпылдап.
Отыз қызғыш, төрт қыз бен,
Айнала жүріп сұңқылдап.Бір жылдағы он екі ай, бір айдағы төрт жұма, отыз күн
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Айнала қорған салдым,
Ішіне жеті бөлме үй салдым.
Жеті үйдің ішіне бір әйнек,
Бір шырақ қойдым.Дүниенің төрт бұрышы, жеті күн, ай мен күн
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Қолымнан жиырма төрт үйрек ұшты,
Барды да отыз көлдің суын ішті.
Көрді де сол үйректі он екі арқар,
Үш жүз алпыс қозыға болды ішті.Бір тәуліктегі 24 сағат, бір айдағы 30 күн, бір жылдағы он екі ай, 360 тәулік
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Төрт аққу, қырық сегіз қоңыр үйрек,
Жиналды ойын құмар қалмас сиреп.
Майданда белдескенде кезек-кезек,
Тастайды бірін-бірі ұн қып илеп.
Ойыны қанғаннан соң бәрін жиып,
Зынданға сап тастайды өзін түйреп.Бір жыл, төрт мезгіл, қырық сегіз апта
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Үш жүз алпыс шытыра,
Қырық сегіз батыр,
Екі аққу, он екі бұлбұл.Үш жүз алпыс күн,қырық сегіз жексенбі,ай мен күн,он екі ай
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Ей, құрғыр, есермісің, есермісің,
Бұралып тал шыбықтай өсермісің.
Айналып үш жүз алпыс түлкі жұмбақ,
Байлауын жұмбағымның шешермісің.Үш жүз алпыс күн
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Бір жансыз жолбарыс бар екі тілді,
Байланған шынжырымен мәкемені.
Он екі көз, алпыс өлшемі бар,
Жүгірер дамыл таппай күндіз-түні.Сағат
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Бір көл бар он екі қаз жайлаған,
Ішінде екі тырна айқайлаған.
Тырнаның біреуі - би, біреуі - хан,
Ішінде жалғыз үйрек той тойлаған.Сағат
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Бір жансыз жолбарыс бар екі тілді,
Байлаған екі шынжыр мықтап мұны,
Жүрісі бір шақта әм тұрысы,
Дауыстап уақытымен шығады үні.
Айтылар шаян, отыз пар шегірткесі,
Шырылдап дамыл таппай күні-түні.Сағат
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Екі тілді балғалы,
Арқаны бар мойнында.
Арқандамай бос қойсаң,
Жүрмей қалу ойында.
Сұрасаң онан сөйлесіп,
Сөйлеп жауап бермейді,
Қарасаң бетіне тесіле,
Тіліменен сермейді.Сағат
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Дөңгелек аяғымен жер баспайды,
Жерінен уағдалы адаспайды.
Білімді қанша адам болса-дағы,
Бір адам біліміне таласпайды.Сағат
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Жаңылмайды есептен,
Аяғы жоқ жүреді.
Сөйлейтұғын тілі жоқ,
Уақытыңды біледі.
Күндіз-түні жүргенмен,
Қызымайды жүрегі,
Су ішіп, жем жемейді,
Сықырлайды жүрегі.Сағат
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Жүруден бір талмайтын,
Күн мен түннен қалмайтын.Сағат
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі