Бір қалта бар қабат-қабат,
Айналасына жұрт таң қалад.
Көктен жерге лақтырсаң да,
Алып түсер сау-саламат.Парашют
Пырылдар көкте инелік,
Инелік емес үй делік.Вертолет
Бар екен үлкен жорға қайқаңдаған,
Тұяғы жерге тимес тайпалмаған,
Сағатта мың шақырым жерге барып,
Көңілін еш пенденің қайтармаған.Аэроплан
Бір балық көк жолында еткен сайран,
Дамылды көрінеді келді қайдан .
Аузына бір шабақты тістеп алып,
Деп айтар жата алмаймын тапсаң ойлан.
Заулайды қайда барса ізі түспес,
Мақсаты-тигізем деу көпке пайдам.Аэроплан
Бұл жалғанда жаны бар,
Міндім қайық.
Көз көрімге кетеді болып ғайып.Аэроплан
Әне кетті өзі,
Көрінбейді ізі,
Кімнің күші,
Кімнің ісі?Аэроплан
Бір қыран аспанда ұшып қалықтаған,
Күндіз-түн жердің жүзін шарықтаған.
Қанаты ағаш, кеудесі темір болат,
Ұшса да қанша алысқа талықпаған.Самолет
Бір жайын көк жүзінде еткен сайран,
Көргендер қызметіне болар қайран,
Зымырай зулағанда ізі түспес,
Қайткенде тиеді деп көпке пайдам.Самолет
Құс сияқты, құс емес,
Самғап ұшқан биікке.
Қанаты бар қақпайды,
Жүрсе де сондай биікте.Самолет
Қанаты бар, жаны жоқ,
Табаны бар, аяғы жоқ.
Өзі ұшады, аспанда жүреді,
Теңізден де, таудан да өтеді.Самолет
Құмды жиған —
Тұмсығы диван.
Экскаватор
Әуеде
Дәу қарынды үрдім де,
Аузын байлап бүрдім де,
Төмен қарай сүйредім,
Ауада еркін биледім.Парашют
Қызыл ішек
Дөңгелек сайда жатыр.
Ақ шәйнек,
Бұрқылдап қайнап жатыр.Электр қыздырғышы
Құрама темір,
Қолқабысы көп—
Ғұлама темір.Робот
Қабырғаға қасынар,
Былғауыш басы бар.Сіріңке
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Үй үстінен
Көкке өрлеп шығады,
Әуе ішінен,
Із-тұз жоқ боп тынады.Түтін
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Шудалары желпеңдеп,
Үйден шығып жатады,
Көкке өрлейді көлбеңдеп,
Бұлт болып батады.Түтін
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Салып ем шыны сарайды,
Тілінен жарық тарайды.Шам
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Өңеші кең,
Дәу аузымен жұтады.
Төбесі дөң,
Кіші аузымен құртады.Пеш
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Құйтымдай сандықтың,
Суырмасы толып тұр,
Қажетті заты сан жұрттың.Сіріңке
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Қимылы оңдырмас,
Кішкене қоңырбас.Сіріңке
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Түсі нарттай,
Тілін тартпай.
Жолға шықса,
Қоймайды құртпай.От
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Жердің әрін жейді,
Жолда кезіккеннің,
Аямай бәрін жейді.
Бұл қандай алпауыт?
Айта ғой, дәл тауып?
Өрт
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Жүрген жерін жалмайды,
Тастан басқа қалмайды.От
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Қып-қызыл кезінде,
Бет қаритын жапырақ,
Табы қайтқан кезінде,
Сұп-сұр майда топырақ.Шоқ пен күл
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Шеңбердің үш тағанын,
Қаракөлдің табанын,
Қызыл сиыр жалап тұр,
Терлеп, буы тарап тұр.Қазан, жалын
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Күндіз жанбайды,
Түнде маздайды.Шырағдан
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Бір нәрсе тау үстінде мекен еткен,
Басына шарбақталып күмбез тіккен.
Болғанда судан себеп, тастан бөгеу,
Жеріне күрмек шыбық тетік еткен.
Еш нәрсе өз тұсынан істемейді.
Сыртынан бірнәрсе кеп хабар еткен,
Адамға түнде пайда беру үшін,
Дүниеге аты мәлім, даңқы кеткен.Керосин, лампа
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Бір жерде бір бәйтерек жеке біткен,
Басында әділ патша мекен еткен.
Неше күн жер астында жатып-жатып,
Жолай алмай қасына қыршын кеткен.Шырақ пен шіркелер
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Бір нәрсе заты тастан, іші қуыс,
Ұстауға қиын екен қылса жұмыс.
Өтпейді өткір пышақ, шажан қылыш,
Қайтадан күл болады қылсаң соғыс.Шамның шынысы
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Үй сайын бір-бір құсты қойдық байлап,
Тұрады уақытында көзі жайнап ,
Ішіне бір сырғалы салып қойсаң,
Бар суын ішіндегі шығады айдап.Лампа
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Сыртының сырнайы бар,
Ішінің бүтін айы бар,
Май ішінің өзегі бар,
Бір апта өшеді,
Бір апта көшеді,
Кезегінде керегі бар.Лампа, шам, білте
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Жарығы күндей,
Таң қалдырар адамды,
Жалындап күймей.Электр жарығы
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Білтесі жоқ, майы жоқ,
Жарқырап от жанады.
Тұтанады шырпысыз,
Өзінен ұшқын шығады.Электр жарығы
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Судан шығып жалаңдайды бір жалын,
Аузында алтын балық жарқыраған.
Жыланның тіршілігі суыменен,
Су құрыса балық өлер әрі жылан.Шамның білтесі, жалыны, керосин
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Бір жылан су ішінде жуан қарын,
Басы аппақ, тілінен шығар жалын.
Түн ішінде адамға пайдасы көп,
Күзетіп бақылайды адам қалін.Майшам
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Жіңішке жуан емес, өзі арық,
Тілі шықса дүниені қылар жарық.
Сүйегі жоқ, денесі жұмсақ өзі,
Суға салса батпайды сондай парық.Майшам
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Сығырайып қарады,
Аласарып барады.Майшам
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Бір түйем өлді арықтап майы көптен,
Жануар семірмейді жеген шөптен.
Ол түйем зәудеғалам өліп кетсе,
Сүйегі табылмайды жерден, көктен.
Майшам
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Бір түйем бар қамыстың басын жейді,
Шу-шулесең жануар бір жүрмейді.
Қағып-соғып шандаққа шөгерсем де,
Төс табаны сірә бір жер тимейді.Шам
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі