Ақ шатыр, ақ шатыр,
Ақ шатырдың ішінде
Қызыл көзді шал жатыр.Шам
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Арықтаса сөнеді,
Адам үшін көнеді.
Мінезі жаман өзінің,
Білдірмей тебеді.Шам
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Бір тілім ет не қаны жоқ,
Азғана май қорегі,
Тапсаң ойлап, тез шешіп,
Жауабын кім береді?Шам
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Бір тастың қақ басында құдығы бар,
Құдықтың айналасы бәрі де жар.
Білте шам
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Жапанда бір бәйтерек жалғыз біткен,
Басына бір азамат мекен еткен.
Пайдасы жұртына бар, өзіме жоқ,
Басынан алтын шоғы ұшып кеткен.
Шам
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Бір нәрсе әділ етті,
Әділ етті де өліп кетті.Шам
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Ояғы дуалша,
Бұяғы дуалша.
Ортасында молда бала.Шам
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Ақ тауға бір бәйтерек қарсы біткен,
Басына бір адамзат мекен еткен.
Әділдігі елге бар, өзіне жоқ,
Ақырында өз басына өзі жеткен.Шам
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Бір тон бар өте әлді болған түзік,
Ешкімге қарамайды түсін бұзып.
Жаман-жақсы пайдасы көпке бірдей,
Сол себепті біз көрдік қанша қызық.Шам
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Дүниеде бір сұлу бар жылтыраған,
Көргенде жел мен суды қалтыраған.
Сен оны қасына алып жүре қалсаң,
Нәрсе жоқ қараңғыда табылмаған.Шам
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Іші қара,
Тысы ақ.Мұржа
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Жұмбағым жұты қара,
Таба алмаған кісінің беті қара.Көсеу
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
От басында ұзын темір.Көсеу
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Үйге кіріп ақ бала,
Болып шықты қап-қара.Көсеу
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Кілті жоқ суырмалы бір сандық бар,
Ішінде елу екі тайлағы бар.
Тайлақты қасына алып еңбек еткен,
Адамға оның өте керегі бар.Сіріңке
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Бір нәрсе төрт бұрышты білесіз бе,
Жаны жоқ қимылдауға денесінде.
Ішінде жансыз шоқпар тығулы тұр,
Қажетін кешке жақын білесіз де.Сіріңке
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Іші алпыс, екеу екен сырттан қабы,
Байланыс тіршілікпен мұның жаны,
Сырты да әкесінен ажыраса,
Ешқандай болмайды екен мұның сәні.
Пайдалы адамзатқа болғаннан соң,
Қолынан тастамайды елдің бәрі.Сіріңке
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Қамалып бір сарайда солдат жатқан,
Далаға шыққандары мылтық атқан.
Салмағы аз бұл сарайдың солдатында
Ойланып милы кісі мұны тапқан.Сіріңке
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Өзі ала,
Жан-жағы қара,
Ортасында бала,
Баласының басы қара.Сіріңке
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Сен өзің сандықсың ба, сарайсың ба,
Қайтадан мүлік болып жарайсың ба?
Сіріңкенің қорабы
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Ағаштан үй салдырдым аузы ашық,
Ішінде елу жігіт қылар кәсіп,
Біріне ажал жеткен уақытта
Кетеді жанып, елге пайда шашып.
Сіріңке
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Бір үйде тұрады екен жетпіс батыр,
Үй сыртына сүйкенсе-ақ өліп жатыр.Сіріңке
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Бір бөлмеде көп тентек,
Әрқайсысы отпен тең,
Жатпайды олар біз-сіз деп,
Шыға келер шыж-быж деп.Сіріңке
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Кішкене ғана мүсәтір,
Ол мүсәтір жоқ болса,
Елдің бәрі мүсәпір.Сіріңке
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Кішкентай ғана арық,
Іші тола балық.Сіріңке
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Елу тентек тып-тыныш,
Бір сарайда жатады.
Тысқа шықса біреуі,
Жарқ етіп от шашады.Сіріңке
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Бір қорада қамалған сансыз жануар,
Әрқайсысының басында тұрған панар.
Аңдаусызда сүйкеніп тиіп кетсе,
Тыз етіп сол жануар от боп жанар.Сіріңке
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Кішкентай ғана сандығым,
Өмірге керек жабдығым.
Сандығыммен бітірем,
Керегімнің барлығын.Сіріңке
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Тас таяқ қағысар да соғысар,
Ортасында бөдене, қырғи келіп қағысар.Шақпақ тас
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Пеш ішінде отырмын,
Өзім шикі қотырмын,
Қотырыма тимеңдер,
Өлейін деп отырмын.Шала жанған қоламта
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Болат жапырақ,
Батпан топырақ.Шоқ, күл
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Көк көйлекті жеңешем
Көлбең-көлбең етеді,
Артындағы баласы
Елбең-елбең етеді.Түтін
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Қарны жуан қампайған,
Серейіп бойы талтайған.
Ерте-кешке бір жазық,
Тапа-тал түсте жантайған.Түтін
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
![]()
Теңдік дұрыс болу үшін не істеу керек?Суретті аудару керек
Санаты: Cуретті жұмбақтар
Үй үстінде ақ аю билеп тұр.Түтін
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Жұмбағым жұтылды,
Көкке қарай тұтылды.Түтін
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Ана ауылдың бурасы,
Мына ауылдың бурасы,
Желкілдейді шудасы.Түтін
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Көк итім көкке қарап ұлиды.Түтін
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Көк өгізім жүреген,
Мүйізін көкке тіреген.Түтін
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Көк лағым көлеңкеде сүйретіліп барады.Түтін
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі