Ұзыннан ұзақ,
Көкке тұзақ,
Балапан жапырақ,
Батпан топырақ.Түтін мен күл
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Атасы аяғын кигенше,
Ұлы базарға барып қайтар.Түтін
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Шешесі мәсісін кигенше,
Қызы Мәскеуге барып қалды.Түтін
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Ұзыннан ұзақ,
Көкке тұзақ.Түтін
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Арқаға міндім, хан болдым,
Үйге келдім, құл болдым.
Отқа жандым, күл болдым.Отын
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Аузы қара,
Түбі жара.
Сулап салсаң,
Шығады сары бала.Тандыр пеш
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Іші қызыл әлеумет,
Сырты қызыл керемет.
Тыңдап тұрып дәл ұрсаң,
Пайғамбарға сәлем ет.Тандыр пеш
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Үсті бүтін,
Іші түтін.Тандыр пеш
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Мың дозақ қиямет дерсің,
Ішіне нанды пісіріп жерсің.Тандыр пеш
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Қуаты ыссы керемет,
Үйге лебін жаяды.Пеш
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Аузы іште, мойны сыртта,
Бар жылуын берер жұртқа.Пеш
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Қозғалмайды, үш аяқпен тұрады,
Ауыл көшсе, шаңырақта тұрады.Ошақ
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Ұзын құрығым үйге сыймайды.Пештің мойны
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Бір нәрсе төрт бұрышты, доп-домалақ,
Үстінде тыныш тұрақ, бір сабалақ.
Өзінің бір ұшы жерде, бір ұшы көкте,
Тоймайды бес жүз түйе баққан шөпке.
Әркімдер көтерем деп ойласа да,
Келмейді сірә тегі тіпті епке.Пеш, түтін
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Сырты қап-қара,
Іші қып-қызыл жара.
Әлсін кіріп шығады,
Бір жалаңбас бала.Пеш, от, кесеу
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Заттардың қуаңына өр құмар,
Үстінде күйіп піскен нәрсе тұрар.
Орнынан аузын ашып, ұмтылса егер,
Тығылар берген тамақ ұмар-жұмар.Пеш, отын
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Қос белбеу, мауыт шекпен, қазан қалпақ,
Нәрседей жылан сорған қарны жалпақ.
Бір жерден қозғалмайды сабыр етіп,
Қылмайды сабырсыздық етсе жалтақ.Жалпақ пеш
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Тап-тап, тап балшық,
Тап-тап соққан сор балшық.
Іші қызыл қиямет,
Сырты сұлу әлемет.Пеш
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Анасы - жуан,
Қызы - қызыл.Пеш
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Жер жүзін бір айдаһар жеп барады,
Аузынан бітеу сүйек боп барады.
Айдаһардың аузына түспей қалса,
Енді іске жарамаймын деп барады.Өрт, ағаш
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Қара бием қалт етті,
Қабырғасы жалт етті.Жалын, қазан
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Әкесі баласын көтеріп тұрады.Қазан, ошақ
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Үш атқа мінгесіп тұр жанғыз көрдім,
Соларға тамаша етіп қарап тұрдым.
Жандыны жансызбенен күрестіріп,
Жансызды бір уақытта алып ұрдым.Ошақтың үш бұты, қазан
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Үш аяғы үш жақта,
Төрт құлағы қалқиған.
Ретін таппай жұмсаса,
Ыңғайына жантиған.Темір ошақ
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Үш адам қара киген қарағымды,
Бар еді үшеуінің арғымағы.
Үшеуі үш жағынан қарғыса да,
Жетпейді адым жерге қарғығаны.Қазан, ошақ
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Қара тайым мықты,
Қара бием сүтті.Қазан, ошақ
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Бар екен арасанның үш төресі,
Жайлауы бір апанның кенересі.
Асты зерден болғанда, үсті балдан,
Адамзаттың ойласақ неменесі!Қазан, ошақ
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Дыбыстасаң қарамас,
Болса-дағы құлағы.
От-жалынмен аралас,
Тату-тәтті тұрады.Қазан, от
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Үш балада бір қармақ.Мосы
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Басына қара таудың бітер қорған,
Онда жоқ бекітерге айыл-тұрман,
Қасына төрт нөкерін ертіп алып,
Үстіне қайырлы бай мініп тұрған.Қазан, ошақ
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Болғанда қиған қалпақ, қырсау құрық,
Қазан, ошақ, оМінгені үш аяқты қызыл жүйрік.Қазан, ошақ, от
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Бап, бап, бапанақ,
Бапанақ үсті арғымақ.
Арғымақ үсті қызыл тақ,
Қызыл тақ үсті қу шұнақ.Қазан, ошақ, от
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Боп, боп, бопылдақ,
Бопылдақ үсті үш тармақ.
Үш тармақта соқыр шақ,
Соқыр шақ үсті жез қармақ.Күл, ошақ, қазан, тамақ,шөміш
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Бір қара өгізге екі теңдей-теңдей жүк арттым,
Бір бала үстіне мінгізіп шылым тарттым.Пеш, мұржа
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Есіктен кіреді,
Тесіктен шығады.Оттың жануы
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Сары аттың сиген жеріне шөп шықпайды.Оттың орны
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Зәредейін жанданған,
Бара-бара жалданған,
Бұйра-бұйра жалы бар,
Жал астында қаны бар.От
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Бір сұлу бар ел бәрі айналысты,
Адамға әлгі сұлу байланысты.
Сол сұлу жақсылығының арқасында,
Ет пен тамақ, нан мен су қайнап пісті.От
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Бар екен бір жалмауыз жалғанда артық,
Жүреді, жүрген шақта өзі шалқып.
Темір мен топырақ, тас, суды жемес,
Басқаны жеп қояды қойсаң артып.От
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Бір нәрсе өз киімін қорек еткен,
Сау емес оның өзі кесепеттен.
Нәрсені қолға түскен жалмап жұтады,
Мен оның мешкейлігін айтып жетпен.От
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі