Өткірлігі өлімнің нақ зәріндей,
Өзінен басқалардың бәрін жейді.
Жейтұғын ешбір нәрсе таба алмаса,
Өзін-өзі жейді де көрінбейді.От
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Көзі жайнай қарайды,
Қазан түбін жалайды.От
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Там-там тобылғы,
Тамылжыған тобылғы,
Көлеңкесі көк майса,
Күліп тұрған тобылғы.От
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Қуыста қызыл әтеш билейді.От
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Табақ толған анар,
Қорықпасаң бәрін ал.От
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Жаурағанды күлдірер,
Аяғы жоқты жүргізер,
Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер.От
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Жалт-жұлт етеді,
Жалмай-жалмай жұтады.От
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Бір жансыз бір жансыздың жанын алар.От
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Қызыл сиырды байлап салдым,
Көк сиырды айдап салдым.От, түтін
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Дүниеде бір айдаһар жылан бар,
Жан-жағын жеп барады,
Ішіне бітеу сүйек көп барады.От пен отын
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Бір нәрсе ұшқан сайын жоғарылаған,
Бір ұшса жерге қайтып қона алмаған.
Орнында баяндайтын бір мақлұқат,
Оларға тиген жандар сау қалмаған.От, түтін
Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Біздің үйде бір қыз бар,
Көзі бар, көрмейді,
Аузы бар, жемейді,
Қолы бар, ұстамайды,
Аяғы бар, жүрмейді.Қуыршақ
Ақ шатыр,
Ақ шатырдың ішінде
Ақ ала көйлек қыз жатыр.Қуыршақ
Жазда жатса тынысып,
Дейді қыста жұмыс тап,
Тауға шықсаң - жетекте,
Қашады алып етекке.Шана
Қос аяқ жүрген қуып,
Жел шықтан үрген қуық,
Бірде жөн, бірде лағып,
Қашады зыр-зыр қағып.Футбол
Ұрсаң қатты зырлайды,
Жерге қарғып тұрмайды.
Тиіп кетсе басыңа,
Еш бір зиян қылмайды.Доп
Өзі кішкене дөп-дөңгелек,
Тапшы, қане біле алсаң.
Өзіңнен де биікке асады,
Мықтап жерге ұра алсаң.Доп
Нәзік белі бұралған,
Ұшы біздей қадалған.
Қар үстінде жорғалап,
Басқан ізін бояған.Коньки
Орай бұты, бөкен сырты,
Іші бар, ішегі жоқ.Асық
Екі атасы бар,
Он сегіз анасы бар.
Он сегіз анасының әр қайсысында
Тоғыз-тоғыздан баласы бар.Тоғыз құмалақ ойыны
Мен көрдім өзі жансыз сегіз еркек,
Келгенде аларманға адам тентек.
Ішінде сол қосынның төрт әйел бар,
Жүреді елу екі қол жетелеп.
Және де екі патша басында отыр,
Үкімі сол шіркіннің тым-ақ тентек.Ойын картасы
Дүниеде бір нәрсе бар төрт бұрышты,
Топ кісі жиылып-ап келді, тұрысты.
Әр қайсысының төрт жүзден әскері бар,
Жиылды барлығы, қатты ұрысты.Карта ойнау
Екі жүз он алты екен қара солдат,
Төсектен отыз алты өреді аңдап,
Балталы батыр бағлан қойған атын.
Олардан басым шыққан сегіз қатын,
Қолына дүние түрлі гүлдерді ұстап,
Түзетіп отырады екен салтанатын.
Бар екен сегізінің сегіз байы,
Төрт текше болады екен оның жайы
Қорқытқан ол сегізі төрт батыры
Олардың батырлықтан жоқты жайы
Бұл сөзім емеурінсіз емес жалған,
Әр жерде болмай ма екен осындайы.Карта ойыны
Жайлаған бір аралда бір топ киік,
Жүрерге аяғы жоқ жерге тиіп,
Бәрінің қатар жүрсе бойы бірдей,
Біреуінен біреуінің көңілі биік.
Еш адам ол киікті жаратпайды,
Ішінде жалғыз мүйіз еркегі бар,
Бетіне еш біреуді қаратпайды.Ойын картасы
Бір патша бар екен төрт көзі бар,
Атылас, шайы киген төрт қызы бар,
Қисабы бәрі өзінің отыз алты,
Сегіз ұлы бар жау жарақты.Ойын картасы
Мен көрдім өзі жансыз сегіз еркек,
Оларға үйір болған адам тентек.
Сегіздің ортасында төрт әйел бар,
Жүреді жиырма төрт тай жетектеп.Ойын картасы
Өз еркі ұшсын-қонсын мекеніне,
Алты ұра үйректерге тұр лайық.
Бүйірден бидайық кеп тиген кезде,
Табуы ұяны үйрек болар ғайып.Биллиард
Таусыз жерде,
Сусыз шөлде,
Жансыз жаунгерлер,
Қарусыз соғысады.Шахмат, дойбы
Ғажайып жамбыл көрдім төрт бұрышты,
Жиылып патша, солдат көп ұрысты.
Қолында қару-жарақ сайманы жоқ,
Ары-бері ұрысты да жай болысты.Дойбы, шахмат
Дария үсті тақтай, асты тақтай,
Ұшады жиырма төрт үйрек қанат қақпай.
Жем сұрайды он екісі бөлініп ап,
Жайылмас өз бетімен адам бақпай.Дойбы
Бір дөңде жиырма төрт жан төбелескен,
Қызығы төбелессе, қалмайды естен,
Жері бар отыз екі майдан ашқан,
Білмейді басқа кәсіп төбелестен.Дойбы
Бір шаһар жаратылды бітеу қақпа,
Жүргізіп патша отыр алтын тақта.
Уәзірі он екіден -жиырма төрт,
Әр уәзір алыс жерде әр уақытта.Дойбы
Асты тақтай, үсті тақтай,
Қонады сол тақтайға үйрек қаптай.
Үйректі екі мерген атамын деп,
Аңдиды тұрғысынан дамыл таппай.Дойбы
Қолыма қалам алдым, қағаз сайлап,
Жүруші ек көшіп-қонып алты ай жайлап.
Қолымда жиырма төрт үйрегім бар,
Жүреді отыз екі көлді жайлап.Дойбы
Жүруші ем жігітімде атты жайлап,
Осы күнде отырмын жұмбақ ойлап.
Қолымда жиырма төрт үйрегім бар,
Отыз екі жүреді көлді жайлап.Дойбы
Бір топ құс ұшып қонды балағанға,
Үйірі жиырма төрт санағанға.
Ісіне құдіреттің қарап тұрсаң,
Қонады екі бөлініп қарағанға.Дойбы
Жансызда бір нәрсе бар төрт бұрышты,
Екі кісі келді де, келді ұрысты.
Екеуінің он екіден әскері бар,
Жиылды да екеуі қатты ұрысты.Дойбы
Бар екен екі жақты екі дуан,
Он екіден әскері бір күн туған.
Біреуін біреуі арбап, құрбан беріп,
Қан майдан соғыс салып көңілі тынған.Дойбы
Қолымнан жиырма төрт үйрек ұшты,
Барды да отыз екі көлге түсті.
Балдыры мен шөбіне әбден тойып,
Бір-біріне жаудай боп қарсы ұшты.Дойбы
Жиырма төрт үйрек қонған қиған тасқа,
Орны бар әрқайсының басқа-басқа.
Он солдат оңды-солды ойнатады,
Жиын жоқ адамзатта онан басқа.Дойбы
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі