Басы бар, денесі жоқ, бойы бір кез,
Табарсың болсаң зерек осыны тез.
Қозғасаң қос құлағын тігіп алып,
Тамаша әр тараптан айтады сөз.Домбыра
Тоғыз белбеу, қос жібек,
Екі мұрын,бір шүмек.Домбыра
Екі құлақ, тоғыз жерден қолы бар,
Күні-түні төбелейді,
Маңдайының соры бар.Домбыра
Базардан алып келген қара арғымақ,
Бітіпті төбесіне екі құлақ.
Белбеуін тоғыз жерден буынып ап,
Сөйлейді адамзаттан бұрынырақ.Домбыра
Тынбайды жылтыр мұзда екі жорға,
Екеуі құлай жаздап кейде зорға,
Кей уақыт зырлап келіп кілт сүрініп,
Болады құлағандай қазған орға.
Минутта тоғыз бекет аралайды,
Он жігіт қызмет етіп жүрген сонда.Домбыра
Екі құлақты,
Он екі аяқты.Домбыра
Қос қазақ екі жерден шынжыр арқан,
Сылдырап әр буыны үнін қосқан.
Он адам жолдас болып еңбек етсе,
Аралап он екі үйге қонақ болған.Домбыра
Жылқыда ерен жүйрік қара арғымақ,
Мойыны жануардың бунақ-бунақ,
Айылын екі жерден мықтап тартып,
Кетеді қамшы бассаң зулап-зулап.Домбыра
Қос желі, үш жерінен қазығы бар,
Құбылған қоңыр желден азығы бар.
Желіні сабалайды дыңылдатып,
Байғұстың соншама не жазығы бар.Домбыра
Бір жансыз мойнында бар екі құлақ,
Ойнайды дәл үстінде он шақты лақ.
Белінде сегіз белбеу, қолда екі арқан,
Қояды оны бұрап-бұрап.
Бар екен маңдайында жалғыз көзі,
Болады тоқсан түрлі айтқан сөзі.Домбыра
Тиіп кетсе жылаған,
Даусы көпке ұнаған.Домбыра
Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды,
Азнаса көмейінде мал жылайды.
Құйрығын қара жерге тіреп алып,
Келеді баяғының әнін салып.Қобыз
Қос құбыр,
Аузына іліккен,
Тез құрыр.Мылтық
Өзеннің қос жағасын,
Жалғастырған жол жатыр,
Тура өтіп шығасың,
Су кештірмес қол шатыр.Көпір
Жазда айдында жүзеді,
Қыста үмітін үзеді.Қайық
Көзі — төбесінде,
Көлі — түбінде.Құдық
Санаты: Әдеби жұмбақтар
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Не жүретін жолы жоқ.
Мініп алсаң заулайды,
Бірақ, ізі қалмайды.Қайық
Суда — көлік,
Құмда — өлік.Қайық
Темір тайым,
Тамақты еш жоқтамайды.Велосипед
Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды.Автобус
Үңгіген ішіне,
Қорғасын құйылған.
Әдемі түсі де,
Әрі тигіш қиырдан.Сақа
Үрлесең жеп-жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң,
Көк-теңбіл,
Бұлтқа да жетеді.Шар
Жіңішке жіп,
Жүрген сүйретіп.
Бір басы — темір ілгек,
Бір басы — құрық имек.Қармақ
Жердің ирек құртына,
Құмар асау ұртына.
Ілгек іліп шығарды,
Судың жаға сыртына.Қармақ
Балалар суға салған жіп,
Тереңнен іліп алар жүк.Қармақ
Табанға қанжар байладым,
Бетінде айна ойнадым.Коньки
Даңғыл жол етемін,
Тілгілеп ақ қарды.
Шарықтап кетемін.
Қапталды, Шатқалды.Шаңғы
Қайқы тұмсық қос табан,
Қос таяқпен ұштаған.
Итерсең алға заулайды,
Шойын жолдан аумайды.Шаңғы
Аяғымда
Басы қайқы қос сырық.
Таяғым да
Қуады оны састырып.Шаңғы
Мініп алып ылғи да,
Тыңнан жол табамын,
Жоғарыдан ылдиға,
Жұлдыз болып ағамын.Шана
Мінсем,
Төменге зу етем,
Өрлесем,
Оны өзім сүйретем.Шана
Тепсең-ақ секіріп,
Ұстатпай қашады.
Бір жерге бекініп,
Тұра алмай сасады.Доп
Қампитып үрлеп қарынын,
Қуалап басты арынын.Доп
Бала біткен соғады,
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң
Ұшып жоғары,
Жерге түсер домалап.Доп
Қаламы жоқ, ал бірақ,
Есептегенін сөзбе-сөз,
Сол қалпында қабылдап,
Жазып алар тезбе-тез.
Қайталайды тақылдап,
Тыңдай қойсаң көзбе-көз.Магнитофон
Жүректі баурар үні бай,
Баршаға ортақ тілі бай.Саз
Бір құлаштай сабы бар,
Бунақтары тағы бар.
Басы ұқсас қайыққа,
Жолықтырар ойыққа,
Қос танабы тартылған,
Ұзына бойы он тұнған.Домбыра
Қос әйнектен қарасаң,
Көз алдыңда тұрады,
Алыстағы орасан.Дүрбі
Таба алмай оң менен солыңды,
Адассаң қапылыста.
Дәл сілтер көрсетіп жолыңды,
Шығысқа,
Батысқа.Компас
Айнымай тартқан реңіне,
Жүрген жерінің тұр-өңіне, не?Кесіртке
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі