Қара күшігім қабаған,
Артына киіз жамаған.Қақпан
Сырты ағашпенен қабатталған,
Ілініп бір бөлігі салақтаған.
Асылды ішіндегі алсаң тартып,
Тіліндей оқ жыланның жалақтаған.Қылыш
Белі қайқы,
Жоны тайқы.Қылыш
Бір нәрсе үш қанатпенен ұшар,
Мысалы аяқпенен аузын ашар,
Өлік құс тірі құстың қанын шашар.Садақ
Жорғалаған тасбақа,
Болаттан киген көйлегі.
Жапырып жауды үстінен
Баса-көктеп өтеді.Танк
Екі аяқты кеулейді басын созған,
Мойнында жалын қамыт ноқталанған.
Ұзын тұмсық құйрығы келте келген,
Тиіп кетсең бұрқылдап сыртылдаған.Пулемет
Адамның ең қымбатты,
Тастамайтын құралы,
Кішкене ғана қозғалса,
Жапыра жауды қырады.Пулемет
Тау астынан күрсілдеп,
Жөтеледі,құсады,
Құсығы жоқ жалынды,
Түскен жерін өрт құшады.Пушка
Құстай ұшып зыр қаққан,
Түскен жерін қиратқан.Снаряд
Ашуына басқанда,
Шаң көтерген аспанға.Бомба
Тиіп кетсе, тырс етіп қақ жарылған,
Бар тетігі адамзатқа бағынған.
Мерт қылады жақын келген нәрсені,
Қастық қылса жаудың жайы табылмаған.Бомба
Ұшса сырнай тартар,
Қонса қарап жатар.Зеңбіректің оғы
Аузы жоқ, қолы жоқ,
Ұшқан құстан озады.
Оқ
Судыр-судыр жүгенім,
Судыр қара дөненім,
Желіп кетсе жеткізбес,
Түсіп кетсе таптырмас.Оқ
Бір құс бар сондай ұшқыр, ұшар жерден,
Жалпылдап жанған оты қолын сермер,
Шыңыраудан мойны ұзын шығады екен,
Шошынар жанды мақұлық оны көрген.Оқ
Темір жатыр ағаштың арқасында,
Жап-жалтыр қара шойын шыға қашар,
Әкесі ашуланса баласына.Мылтық
Қара күшігім қанқ етті,
Даусы Бұхарға жетті.Мылтықтың даусы
Қуыс қурайдың басынан
Құтырған торғай ұшты.Мылтықтың оғы
Жылт, жылт еткен,
Жырғадан өткен.Мылтықтың оғы
Өмір-өмір,өмірден,
Жаққан оты көмірден,
Шыңырау деген бір құс бар,
Жұмыртқасы темірден.Мылтық, оқ
Көз алдыма әкелсем,
Алыс жерге түкірген.
Ебін тапсаң инедей,
Айтқан жерден түйрелген.
Мылтық, оқ
Тау тарс етті,
Күн гүрс етті.
Жырадағы жылқы үрікті,
Жымда жатқан түлкі үрікті.Мылтық
Дауыстап жаһанда ақырғанда,
Баласы қайта келмес шақырғанға.Мылтық
Алып соғып арс етті,
Даусы Самарқанға жетті.Мылтық
Бас бармағы бармақтай,
Бақырғаны тайлақтай.Мылтық
Белі бүкір,
Алысқа түкір.
Мылтық
Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдатып дабылын ол қағып тұр.
От жағып, дабыл қағып тұрғанында,
Сабалап төмен қарай су ағып тұр.Жаңбыр, найзағай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Аспаннан жауды ақ бидай,
Үйге қарай жүгірдім.
Ызғарына шыдамай,
Сүмелектеп бүгілдім.Бұршақ
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ақ моншақтар сабалар,
Қалмайды олар жанды аяп.
Жатып-жатып жоғалар,
Ешкім жинап алмай-ақ.
Бұршақ
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Тырсылдап түседі,
Жер бетіне жетеді.
Жер бетіне жеткен соң,
Ғайып болып кетеді.Бұршақ
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Таудан топ түсті,
Аяқ-қолы жоқ түсті.Бұршақ
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Әуеде қызғыш, жерде бұзғыш.
Қызғыш айтады: “беремін” деп,
Бұзғыш айтады: “аламын” деп,
Берсе - барлық,
Бермесе - қаһарлық.Жаңбыр, егінші
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ата-екем жерге пышағын шанышты.Жаңбыр
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде
Өңі кірер даланың.Жаңбыр
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қара таудың басында
Киік кетіп барады.
Қол-аяғы баурына
Тиіп кетіп барады.Тұман
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көкке шықса бұлт,
Жерге түссе шаңыт.Тұман
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Аспандағы әсем белбеуді,
Алып белге буынсам.Кемпірқосақ
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Тау тарс етсе тағы үркер,
Таудағы елдің малы үркер.
Қырдағы жылқы үркер,
Жортып жүрген түлкі үркер.Күннің күркіреуі
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Сарайдағы сары айғыр,
Сарнап-сарнап кісінер.
Күннің күркіреуі
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Мені ешкім көрмейді,
Дауысымды есітеді.Күннің күркіреуі
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі