Өзі ұзын жіңішке,
Бұтағы жоқ.Қамыс
Бір нәрсе ұзын бойлы сәлдесі бар,
Қойнында құшақтаған баласы бар.
Айтайын мұның жайын сұрасаңыз,
Аққұба ұйықтап жатқан анасы бар.Қамыс
Тоғай толған жандар бар,
Әр жандардың ішінде
Бөлмелеп салған тамдар бар.Қамыс
Қатар-қатар тұрғандар,
Түлкі тымақ кигендер.Қамыс
Басына үлпілдетіп таққан шашақ,
Бұралып тал шыбықтай тұрған жасап.Қамыс
Онда барып ондай болдым,
Мұнда келіп мұндай болдым,
Белін буған қындай болдым.Ши
Ұшарымды жел біледі,
Қонарымды сай біледі.Қаңбақ
Бір-ақ жерде жасында
Тұрды оранып жасылға.
Қартайғанда сарғайды,
Кезіп кетті сай-сайды.Қаңбақ
Шеңбер жасап өседі,
Желмен бірге көшеді.
Қаңбақ
Бар екен бір асыл зат жерден өнген,
Кезуге жер дүниені өзі көнген.
Барады дөңгеленіп тор жорғадай,
Айдалада жүруге тым-ақ жөндем.Қаңбақ
Әкесінен баласы бұрын туады.Шөмеле
Ұзын-ұзын ұзарды,
Іші неге қызарды,
Аузы-басын түк басып
Басы неге мұңайды?
Қонақ деген шөп
Айт десе жүгірмес,
Су тисе сілкінбес.
Шөп
Бес-бес біләлі,
Білектері қыналы,
Жасыл ала тон киіп,
Жайнап шыққан біләлі.Қызғалдақ
Қырға кілем жайдым.Қызғалдақ
Көгеріп май алдында түрге келген,
Күшімен адамзаттың өсіп-өнген.
Тамыз бен қыркүйекте күні толып,
Әлеумет пайдаланар алып жерден.Бақша
Бір ел бар су ішетін тамақ емес,
Сөйлесіп бір-бірімен қылмас кеңес,
Үстіне жаздыгүні киім киер,
Қыстыгүн жалаңашы ештеңе емес.Бақша
Өзінің жаны жоқ,
Айға, күнге қарайды.Айқабақ
Бір үйде бар мың қақпа,
Бір қақпасы күн жақта.Күнбағыс
Күннен көзін алмайды,
Мойны бірақ талмайды.Күнбағыс
Ол күнді күзетеді,
Күн оны түзетеді.Күнбағыс
Жиып қойсаң анасын,
Жеуге болар шикідей,
Бұл іске қайран қаласың.Күнбағыс
Бір сиырым ала бас,
Жан-жағына қарамас.Күнбағыс
Күннің нұрын сүйемін,
Күнге басымды иемін.
Моншағым жоқ мойнымда,
Үлкен қалпақ киемін.Күнбағыс
Кескінсіз, талдай,
Миуасы балдай.Тұт ағаш
Тікен, тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.Шырша
Жазы, қысы өзгермес,
Жаралған баста түрінен.
Қанша аяз болса да,
Айрылмайды гүлінен.Қарағай
Қалтырап жап-жалаңаш,
Тұрғанда терек, қарағаш.
Көк желегін жамылып,
Құлпырар қыста қай ағаш.Қарағай
Ұзын-ұзын ұзарады,
Ағарады, бозарады.
Өскен сайын басын иіп,
Мұңаяды, қызарады.
Мәжнүн тал
Айға, күнге көрінбес,
Ағашпенен тепе-тең.Ағаштың өзегі
Ол өзі мекен еткен жаһан дала,
Атасы, анасымен біреу ғана.
Қысында бар баласы кетіп бітсе,
Жазында қайта бітер сансыз бала.
Ағаш және жапырақ
Қыс болса ұзын бойлы жалғыз тұрған,
Жаз болса түрлі құстар келіп қонған.
Қысты күні киімсіз, жазда киімді,
Жыбырлап түрлі жәндік соған толған.Ағаштың жапырағы
Өсіп тұрған бұл не,
Жаз болса жайнап,
Саясында ән салып,
Құстар жүрген сайрап.
Салқын түссе шешіліп,
Қалады өзі жайрап.Ағаш
Жазда жасыл тон киеді,
Күзде сары тон киеді.
Қыста , суық аязда
Жалаңаш тұруды сүйеді.Ағаш
Қозғалмай бір орында қарап тұрар,
Адамның қажетіне жарап тұрар.
Қаншалық жәбір көрсе, сабыр етіп,
Және де көбеймекке талап қылар.
Ағаш
Шақырсаң өздігінен бара алмайды,
Сұрасаң бірде жауап бере алмайды.
Егер де отқа салсаң өліп кетер,
Бір жерін кесіп алсаң қанамайды.Ағаш
Аласа талда алуан алма,
Алқызыл болмай аузыңа салма.Помидор
Аласа ғана бойы бар,
Қабат-қабат тоны бар.Орамжапырақ
Ана ауылдың кемпірі өлді деген немене,
Топыраққа томпайтып көмді деген немене.
Анасы сол күйінде өліп қалады,
Балалары шуылдап толып болады.
Картоп
Кіргенде жерге сынар-ды,
Ұрпағын ертіп ол шығарды.
Картоп
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі