Бір нәрсе жер мен көктің арасында
Көрінбейді өзі түгіл қарасы да,
Білінбей жер үстінде жүрсе-дағы,
Пайдалы адамзаттың баласына.Ауа
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бар ма, жоқ па, анық білмейсің,
О жоқ жерде өмір сүрмейсің.Ауа
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Аспанда ұшып жүрген алты торғай,
Өмірбақи жүреді жерге қонбай.Үркер
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Туғанда алтау едім,
Өле-өле жетеу болдым.Үркер
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Байладым бір қазыққа екі жылқы,
Екі жігіт ала алмай болды күлкі,
Жетеуі бір қызға ғашық болып,
Ағарды қасіреттен сақал-мұрты.Темірқазық, Ақбозат, Көкбозат, Жетіқарақшы, Шолпан жұлдыз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бап-бап, басы бар,
Алтын ердің қасы бар,
Бұны тапқан адамның
Жүз жиырма да жасы бар.Шолпан
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Мен бір жұмбақ айтайын асыл досқа,
Бір сарай толып тұрған ақ күміске,
Болғанда алты тауық, жеті тақ-тақ,
Баршасы қорқады екен тоты құстан.Үркер, Жетіқарақшы, Шолпан
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Алты қоян қашады бұдан былай,
Жеті лашын қуады ұдай-ұдай.
Артынан екі бүркіт тағы кетті,
Шешіп бер жұмбағымды қарап тұрмай.Үркер, Жетіқарақшы, ай, күн
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Алты қаз, жеті үйрек, бір бөдене,
Кейде орта, кейде толы сары тегене,
Тұнық пенен лайдың арасынан,
Бір аққу ұшып шықты қанат кере.
Жетіқарақшы, Шолпан,Үркер, күн
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Аспанда ұшып жүрген жеті торғай,
Барады бір-біріне қосыла алмай.Жетіқарақшы
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бір емен, жеті терек, алты қайың,
Бұтағы толып жатыр дайым, дайым,
Ішінде шынар терек, үш қарағай,
Өңгесін айта беріп не қылайын?Шолпан, Жетіқарақшы, Үркер, Үш таразы
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Алтын бәкі,
Күміс сәкі
Қырық қысырақ,
Бір сәуірік.Күн, Шолпан, жұлдыз, ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қиырсыз бір теңіз бар ол немене,
Құбылып қалқиды алтын бір тегене,
Сансыз құс жүзеді ортасында,
Алты қаз, жеті үйрек, үш бөдене.
Оқшау жүр ақ шағала, көк шағала,
Теңіздің ортасында күміс кесе.Аспан әлемі, жұлдыз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Шым-шытыр, шиедей қотыр,
Оның ішінде әкем отыр.Жұлдыз бен ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Күн батқан соң жайылдық,
Таң атқанша тойындық.
Таң атып жарық түскен соң,
Тойынып алып жойылдық.Жұлдыз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көкте күлімдейді,
Қолға ілінбейді.
Бірінен бірінің
Қашықтығы білінбейді.Жұлдыз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады.Жұлдыз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Атасы мен анасы,
Миллионнан көп баласы.Жұлдыз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бір байдың мың қойы қоздайды екен,
Біреуі біреуінен озбайды екен.
Болғанмен алтын астау, күміс күндеу,
Болғанша қиямет қайым тозбайды екен.Жұлдыз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бірталай тары шаштым там басына,
Әуре болып толтыра алмай қамбасына,
Қиыстырып өлеңмен жұмбақ қылдым,
Ойлағандар мәнісін аңдасында.
Жұлдыз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Таң атқанша тары шаштым.Жұлдыз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Біз, біз, біз едік,
Отыз арба қыз едік,
Бір тақтайға жиналдық,
Таң атқанда жоқ болдық.Жұлдыз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Шым-шытыр,
Шиедей қотыр.Жұлдыз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Тақиям толған сөк,
Ерте тұрсам дым да жоқ.Жұлдыз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Етегім толы сөк,
Ерте тұрсам жоқ.Жұлдыз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Біреуде отряд көп сан жетпейді,
Күндіз олар ешкімге көрінбейді.
Мізбақпай ұзақ түнде күзетте боп,
Тұруға бір орында ерінбейді.Жұлдыз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көп моншақ үй үстіне қойдым шашып,
Қарасам толып жатыр көзін ашып.
Үйіме сәулеленіп түссе жарық,
Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып.Жұлдыз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Үй үстінде ұсақ тас.Жұлдыз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Тақырда Аймағамбет өліп жатыр,
Қасында есек жемі толып жатыр.Ай мен жұлдыз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Әуелі айтатыным асыл шөлмек,
Бір толып, бір азайып қайта келмек.
Сарайда жанып тұрған сансыз шырақ,
Адамға оңай емес санап білмек.Ай мен жұлдыз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Тақырда тайдың ізі,
Айналасы қойдың ізі.Ай мен жұлдыз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көп бауырсақ ішінде бір қалаш.Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Тап-тап, табан ақ,
Табаны жалпақ қоян-ақ,
Тайшыағардан су ішіп,
Туып тұрған дуадақ.Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Он төрт - он бес жасында
Адамның басындай.
Бір және отыз жасында
Адамның қасындай.
Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Кейде орта, кейде толы бір тегене,
Көрінер кейде күндіз, кейде түнде,
Бетіне ақ шағыдан перде тартқан,
Балалар, ойлап қара, бұл немене?
Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Күндіз күннен таярмын,
Түнде әлемге аянмын.Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қонақтап күнде келер су бетіне,
Пар келмес гауһар заты келбетіне.
Сәулесі су жүзінде дірілдейді,
Тамаша қарап тұрсаң суретіне.
Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жабықта жарты нан.Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Кішкентай нан барша ғаламға жетеді.Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Күндіз әйнегі сынады,
Түнде орнында тұрады.
Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі