Жұмбақтар жауабымен – 86-бет


Көгiлдiр түсi бар,
Тас балқытар күшi бар.

Газ


Терезенiң тесiгi,
Таза ауаның есiгi.

Желдеткiш


Тысы жылтыр,
Iшi жарқыл.

Электр шамы


Бассаң түймесiн,
Шашады сәулесiн.

Электр шамы


Сырты құдды алмұрт,
Қояды iлiп төбеге,
Оған құмар бар жұрт,
Ол сонда немене?

Электр шамы


Таспадай қағазға тiзiп,
Жазатын әрiптерi
Шұрық тесiк,
Нүкте мен сызық.

Морзе алфавитi


Бұрасаң тетiгiн,
Соғады жүрегi,
Өлшемiн түн мен күн,
Әркiм-ақ бiледi.

Сағат


Үш тiлi тақылдап,
Жаңылмайтын ақылды-ақ.

Сағат


Ұшып түсер күн бiтсе,
Жоғалады жыл бiтсе.

Күнтізбе


Қашық жердiң сәлемiн,
Тез-ақ алып келемiн.

Телеграмма


Жаңалықты
Үн-түнсiз таратады,
Барша жұртты
Бiр өзiне қаратады.

Газет


Бiр қора дөңгелек,
Арлы-берлi дөңгелеп.
Әр нәрсенi тексерiп,
Санағанда тым зерек.

Есепшот


Өзi өтпейдi,
Ал, өтпестi өткiзедi.

Қайрақ


Артық кемдi теңестiрер,
Дәндi де өзi жемес бiрер.

Таразы


Тазалап ақ қағаз жүзiн,
Жоқ етер қарындаш iзiн.

Өшіргіш


Iндi көп-ақ қазады,
Өзi шыға қашады.

Біз


Саусаққа киiп ем тобатай,
Иненi жүгiрттiм оп-оңай.

Оймақ


Тұтқасыз тобатай,
Ұнатар, көп апай.

Оймақ


Екi басы дөңгелек,
Екi ұшы сүйiр,
Қиғанға үйiр.

Қайшы


Кiшкене тегештей
Қарыны бар кемештеу.
Құдды қайың берiшi,
Iшiнде шөл дәрiсi.

Саптыаяқ


Адамдардың киiмiн,
Ұстап тұрар иығым.

Киiм iлгiш


Аяғы төртеу, жүре алмайды,
Не жатып бiр сәт те дем алмайды.
Отырған адамға дап-дайын,
Тiк ұстап тұрар тақтайын.

Орындық


Жалғыз аяқ, тiлiк ерiн,
Тұмсығында найзасы бар.
Киiмдердi тiгiп керiм,
Адамға көп пайдасы бар.

Iс машинасы


Қос таяқ,
Бастары дөңгелек.
Тұтасты
Кеседi бөлек-бөлек.

Қайшы


Сегiз тарам қайыстан,
Өрiмi бар бұзау тiс.
Жұмсақ жағы майысқан,
Айнымаған жылан түс.

Қамшы


Гүлдерi бар құлпырған,
Кең жазықтан аумайды.
Оған әркiм ұмтылған,
Киiм киер оңтайлы.

Мата


Шылбырын сүйрейдi,
Жыртықты түйрейдi.

Ине


Көзiне шуда тағады,
Бөлектi құрап,
Ұшы жылмаң қағады.

Ине


Танауында арқаны,
Бiр батып, бiр шығып,
Алға қарай тартады.

Ине


Үскiнiң көп тармағы,
Қара орманды шарлады.
Қисықтарын түзедi,
Теп-тегiс түз ендi.

Тарақ


Өзi тұрғанымен мелшиiп,
Жап-жалтыр жүзiне,
Кетедi ел сиып.

Айна


Тұра қалсам алдына,
Жалтыраған ақ айдын,
Өзiмдi — өзiм мен мына,
Көре аламын ап-айқын.

Айна


Мөлдiреп жатқан қос көлге,
Шыныдан тұттым қос перде.

Көзәйнек


Өзi сырық,
Басқан жерi құдық.

Таяқ


Оны қақса сәйгүлiк,
Таста жүрер асыр сап,
Ол жоқта жай жүрiп,
Баса алмайды тосырқап.

Таға


Байласаң бұйда мұртына,
Жын толтырған ұртын.
Асау көнiп жетекке,
Жуасиды кiлт тына.

Мұрындық


Жүргек атқа кiсендi,
Салып едiм, үзе алмай,
Қос аяқтап күшендi.

Тұсау


Атам илеп қайысын,
Қажет құрал тiледi.
Атқа, асау тай үшiн.

Жүген


Қос iлгектi орындық
Атқа мiнiп алады,
Адам оны орын ғып,
Емiн-еркiн шабады.

Ер-тоқым

Жұмбақ бөлімдері мен түрлері

Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.