Жұмбақтар жауабымен – 88-бет


Қоңырқай жүнi бар,
Терiсi өте бағалы
Аязды күнi жылынар,
Киiм тiккен жағалы.

Жанат


Сұм жүздi,
Құралай көздi,
Киiкше секiрген,
Бура санды,
Жолбарыс тонды.

Құрбақа


Тастан салған үйi бар,
Көшiп жүрер асықпай,
Қыста ұйықтап бұйығар,
Тамақ iздеп, ашықпай.

Тасбақа


Қанды сорып сүлiктей,
Ызыңдап кеп шағады,
Бұл қандай бүлiк дой?

Сона


Шөп iшiнде жүредi,
Шақса уын жаяды.
Зиянын қойлар бiледi,
Кұйсетiп жеп қояды.

Қарақұрт


Топырақпен көң астын,
Қопарып ем.
Жыбырлаған кен аштым.

Жауын құрт


Қалдырмай баласын бiр елi,
Қалтаға салып-ап жүредi.

Кенгуру


Тұт ағашын өрмелеп,
Жейтiн дәмi жапырақ,
Сiлекейiн кермелеп,
Мата тоқыр жалтырақ.

Жiбек құрты


Гүлдiң нәрiн жинайды,
Адамға бал сыйлайды,
Ұнатады бiрлiктi,
Қоғамдасқан тiрлiктi.
Еңбекқорды аялайды,
Ерiншектi аямайды.

Ара


Жаздай жатпай,
Қырдағы гүлдi аралар,
Өзi де татпай,
Жинар гүл шырынын,
Тисең оған құрыдың,
Аямай шағып жаралар

Ара


Ерiншектi,
Емiншектi,
Аямайды,
Қаламайды,
Шағады.
Мұны кiм табады?

Ара


Қорыққанда жел аяқ,
Отырғанда томардай-ақ.

Қоян


Жылқы тұмсық,
Ешкi құйрық,
Есек құлақ,
Түйе ерiндi,
Төрт аяғы тең емес,
Бiрi ұзын,
Бiрi қысқа,
Қорқақ өзi,
Қыли көзi.

Қоян


Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.

Қоян


Жылқыны қарына қыстырып,
Түйенi ернiне қыстырып,
Есектi құлағына қыстырып
Қасқырды ат қып мiнiп,
«Әйт!» дегенде жүре берген.

Қоян


Қырда жүрер ол жортып,
Iнi де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлтартып,
Қандай аң ол алдайтын?

Түлкі


Сайқымазақ қулығы бар,
Барған жерде ұрлығы бар.
Бұл қандай аң?
Ұғып ал.

Түлкі


Шырша саясы – күркесi,
Өзi орман еркесi.
Қарғып жүрер жан-жаққа,
Өте құмар жаңғаққа.

Тиін


Бұтақтардан бұтаққа,
Орғиды да қарғиды.
Кейде салар бұлтаққа,
Құйрығымен әрқилы,
Қос құлағы делдиiп,
Тыныштықты бағады,
Жемiн тауып жейдi үйiп,
Домалатып шағады.

Тиін


Бұтақтарға секiрiп,
Әр жерден қылт етедi.
Кейде жаңғақ кемiрiп,
Жоғары өрлеп кетедi.

Ақтиiн


Тастан-тасқа секiредi,
Қалқиып қос құлағы,
Ойын болып көкiрегi,
Аула оның тұрағы.

Лақ


Жыртылмай-ақ тоны,
Жамапты оны.
Бiр жерi қара ала,
Бiр жерi сары ала,
Тiгiлмеген бiрақ,
Бұл қандай құрақ?

Шұбар мал терісі


Желемiк күнгi толқындай,
Бұйрасы бар,
Төл тоны.
Бағалайды алтындай,
Киiм тiгiп, ел де оны.

Қаракөл елтiрiсi


Ұқсап тұрған жақшаға,
Төбеде өскен шақша ма?

Iрi қара мүйiзi


Көрiп тұрар бар ауыл,
Бiр тауда қос қарауыл.

Түйе өркешi


Иiр-иiр денесi,
Сахараның кемесi,
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады.

Түйе


Иiр мүйiз,
Сүйiр мүйiз,
Ай қабақты,
Май бұғақты,
Тұла бойы
Бұқа мойын,
Бұл қандай түлiк,
Сен де оны ал бiлiп?

Қошқар


Мойыны сорайған,
Сирағы серейген.
Теңбiл шұбар терiсi,
Шөлдегi аңның iрiсi.
Жонында жалы бар,
Бұл қандай жануар?

Керік


Қара ала тоны бар,
Аңдардың ол краны.
Оны сен де танып ал,
Серейiп кеп тұрады.

Керік


Түрi жылқы бейнесi,
Жолақ-жолақ жейдесi.

Жолақ жылқы


Қаймықпайды күштi аңнан,
Қорқады тек тышқаннан.

Піл


Тiк жардай түстi,
Шұбатылған
Тұмсығы күштi.
Таситын жүктi,
Бұл қандай мықты?

Піл


Мойыны тұтасқан,
Аузы апан.
Жоны жалпақ,
Бұты талтақ.

Бегемот


Түлкi ұқсас тұрқы,
Бiр тоймайтын құлқы,
Андитыны тастан,
Құс пен тышқан.

Қабылан


Айбарлы сұсы бар,
Қанжардай тiсi бар.
Тұла бойында
Тасыған күшi бар,
Күжiрейген жалды,
Бiлсең айт бұл аңды?

Арыстан


Жез бейнелi өзi,
Кең дала еркесi,
Мөп-мөлдiр көзi.

Киік


Тау көтерген төрт қазық.

Төрт аяқ


Жақпар тастың өркешiне,
Секiредi құламай.
Қия құздың өр төсiне,
Орғып шығар ол оңай.

Арқар


Пысқырғыш не?
Ысқырғыш не?

Құлан мен жылан


Тұрқы, түрi
Жылқы тектес жалы бар,
Шөп жеп түрлi,
Түзде өскен жануар.

Құлан

Жұмбақ бөлімдері мен түрлері

Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.